Бір кездері көпшілікке танымал болған "Нысана" әзіл-ысқақ театрының жігіттері топ мүшесі Дәнекер Оразбайға көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Абай Аязбаев Дәнекер Оразбайға өтірік айтып, көлік салонына шақырған.
"Құрметті достар!
Бүгін біз үшін қуанышты күн. Театрдың жігіттері болып Дәнекерге көлік сыйлайын деп жатырмыз. Қазір Дәнекерді "мен көлік алайын деп жатырмын, таңдасып жібер" деп алдап, көлік салонына алып келдім. Қазір ол бір көлік таңдайды, біз соны барып сатып аламыз. Бірақ оны Дәнекер білмейді, көлікті мен сатып алады деп ойлап жүр", - дейді видеода Абай Аязбаев.
Видеодан Дәнекер Оразбай көлік таңдап, өзі оны қатты ұнатқанын көруге болады.
Нысанының басқа мүшелері көлікті сатып алып, келесі күні Дәнекер Оразбай отырған мейрамханаға сыйлауға барған. Алғашында Дәнекер Оразбай Абай Аязбаевты көлігімен құттықтап, қуанып жүреді. Кейіннен достары шапалық ұрып, қолына кілтті табыстағанда, көліктің сыйлық екенін түсініп, көзіне жас алды.
Желі қолданушылары Дәнекер Оразбайды қуанышымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірген.
"Құтты болсын Дәнекер, өмірде ойып алар арлан жігіттердің берісің. Дос таңдауда қателеспеген екенсің. Бізге де жаңа көлік жұғысты болсын", "Керемет, көзіме жас келді, рақмет жігіттер", "Жарайсындар бауырлар, міне дос деген осындай болуы керек. Дәке, құтты болсын, сізден бір ауыз ашар", "Көріп, жылап отырған мен ғана ма?" - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Биыл Қадір түні қашан?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!