"Жүрек соғысының жиілеуі, өлім жайлы ойлау". Неліктен кей адамдар найзағайдан қорқады?

"Жүрек соғысының жиілеуі, өлім жайлы ойлау". Неліктен кей адамдар найзағайдан қорқады?
Фото: pixabay.com

Адам ағзасы қандай да бір қауіпке табиғи түрде эмоционалды реакция береді. Сондай-ақ кей адамдарда фобиялар болады. Солардың бірі - бронтофобия (күн күркіреуден және найзағайдан қорқу). Не үшін кей адамдар найзағайдан қорқады және оны қалай жеңуге болады?

Ауа райы бұзыла бастағанда көпшілік адам өзін біртүрлі сезінеді. Мұндай кезде кей адамдар далаға шықпайды және ауа райы қалпына келгенше электр құрылғыларын тоқтан суырып тастайды. Егер жеңіл мазасыздық бақылай алмайтын үрейге айналса, бұл бронтофобияны білдіреді.

Адамдардың найзағайдан қорқу себептері

Оның бірнеше себебі болуы мүмкін.

Әсерленгіш, көңілшек адам

Найзағай соққысынан және басқа да табиғи апаттардан шынымен де адамдар қайтыс болуы мүмкін. Бірақ өте әсершіл адамдар оған аса мән беріп, әлі болмаған жағымсыз жағдайды ойлай береді. Олар үшін найзағай мен күн күркіреуі апатпен және өліммен ассоциацияланады.

Жағымсыз естеліктер

Егер адам немесе оның жақындары табиғи апаттың жағымсыз салдарына ұшыраған болса, бұл онда бронтофобияның пайда болуына әсер етуі мүмкін. Мысалы, бала кезінде оның үйіне найзағай түсті.

Жақындарын және үй жануарын уайымдау

Күн күркірегенде қатты дауыс шығады. Бұл балаларды қорқытады. Сондықтан кей ата-аналар балаларын уайымдап, мұндай ауа райын жақтырмайды және одан қорқады. Бір қызығы, иттер мен мысықтар да найзағайдан қорқады және қолайсыз ауа райы кезінде мазасыз бола түседі.

Табиғат күшінен қорқу

Бронтофобияның тағы бір себебі - адамның табиғат күші алдында өзінің әлсіздігін және дәрменсіздігін сезуі.

Бронтофобияның белгілері қандай?

Оның физиологиялық белгілеріне жиіленген жүрек соғысы, бас айналу және қатты терлеу жатады. Кей адамдарда асқазан-ішек жолдарымен проблема болуы мүмкін.

Сондай-ақ адам "қауіпті" жерден алшақтай бастайды. Мысалы, тек үйде қамалып отырмай, үстелдің астына тығылып отырады.

Сонымен қатар адамды қауіп және өлім жайлы ойлар мазалауы мүмкін. 

pixabay.com

Бұл фобияны қалай өздігінен жеңуге болады?

Бронтофобияны мамандар көмегіне жүгініп емдеген жөн. Бірақ бұл проблеманы өздігімен жеңуге тырысып көруге болады.

Сол сәтте ойларыңызды қағазға жазыңыз

Күн күркіреп, найзағай ойнаған кезде басыңызға келген ойларды қағазға жазыңыз. Сондай-ақ бұл жағдайдың ең жағымсыз салдарын және ең қорқынышты үрейіңізді қағазға жазыңыз. Кейін эмоциялық жағдайыңыз орнына келгенде сол жазғандарыңызды оқыңыз. Әдетте, қорыққан кезде адамның қиялы шындыққа жанаспайтын қорқынышты нәрселерге толы болады. Ал көңіл күйіңіз қалыпты болған кезде олар күлкілі көрінуі мүмкін.

Зейініңізді басқа нәрсеге аударыңыз

Қолайсыз ауа райында ол жайлы ойлай бергеннен сіздің жағдайыңыз жақсармайды. Найзағайдың жағымсыз салдарлары жайлы оқи берудің немесе қорқынышты фильмдер көрудің орнына жағымды нәрсе жайлы ойлаңыз. Мысалы, отбасы мүшелері болып үстел ойынын ойнаңыз немесе дәмді тамақ пісіріңіз.

Неліктен жаңбырлы күні ұйқыңыз келеді? Мына жерден оқыңыз.

А. Жапатова