- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Жүрек айну, ықылық...
"Жүрек айну, ықылық тию". Әйелдердегі инсульттің сіз ойламаған 7 белгісі
Фото:
ru.freepik.com
Инсульт – ми қанайналымының жедел бұзылуы. Ол гипертониялық аурулар, атеросклероз, қабыну аурулары және ми қан тамырларындағы ауытқулар кезінде болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлем бойынша инсультке ерлерге қарағанда әйелдер көбірек шалдығады. Ғалымдар әйелдердің инсульт алдындағы жағдайы ерлерге қарағанда өзгеше екенін ескертіп, әйелдердегі инсульттің 7 белгісін атады.
Огайо штатындағы Векснер Университетінің медициналық орталығының неврологы Хера Камдар әйелдердегі инсульт белгілерін атады:
- Қатты бас ауруы;
- Әлсіздік;
- Шаршаңқылық;
- Демікпе және кеуде тұсының ауыруы;
- Жүрек айну және құсу;
- Мең-зең болу (мидағы тұман);
- Ықылық.
Тағы қандай белгілер байқалуы мүмкін?
Инсульттің басқа да белгілері жайлы ұмытпаңыз. Бұл белгілерді байқаған бойда жедел медициналық көмек шақыру керек.
- Адамның беті бір жаққа бұрылып тұрады, ол күле алмайды, аузы немесе бір көзі аздап төмен түсіп тұруы мүмкін;
- Адам әлсіздік немесе жансыздану себебінен қолдарын көтере алмайды және жоғарыда ұстап тұра алмайды;
- Адам түсініксіз сөйлейді және сіздің оған не айтып жатқаныңызды түсінбейді;
- Денесінің бір жағы жансызданып қалады;
- Адамның көзі нашар көре бастады немесе мүлдем көрмей қалды;
- Оның жүрегі айнып, өзін өте нашар сезінеді;
- Оның басы айналады;
- Оған жұтыну қиын;
- Координациямен проблема пайда болды.