Жол-патрульдік полициясы тоқтатқан кезде сіз не білуіңіз керек? Бұл сұраққа заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлы өзінің инстаграм парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлының айтуынша, сізді жол-патрульдік полициясы тоқтатқан болса, сіз мына нәрселерді білуіңіз керек:
1. Қызметкер көлікте отырған сізге келіп, өзін таныстырып, тоқтату себебін айтуға міндетті.
2. Полиция қызметкерінің қызметтік куәлігімен таныстыруын сұрап, құжаттағы аты-жөнінің сәйкестігін және куәліктің мерзімін тексереміз. Қызметтік куәліктің мерзімі өтіп кеткен болса, онда қойылып жатқан талаптар заңсыз болып есептелінеді.
3. Жол жүру ережесінің 54-бабына сәйкес қызметкердің әрекетін бейне құрылғыға түсіруге құқығыңыз бар.
4. Сіздің жол жүру ережесін бұзғаныңыз туралы түсірген арнайы құрылғымен танысуға құқығыңыз бар. Сондай-ақ қосымша құрылғы сертификатталған болуы тиіс.
"Кез келген автокөлік жүргізушісін ешқандай жол ережесін бұзбаған болса, жол жүру ережесінің 52-бабының 8-тармағына сәйкес себепсіз тоқтатуға ешкімнің құқығы жоқ", - деді заңгер.
Сондай-ақ көлік тек фильмдерде емес, шынайы өмірде де өртеніп кетіп жатады. Өзіңізді және көлігіңізді мұндай қауіптен қорғау үшін оның мүмкін себептерін біле жүріңіз.