Жер сілкінісі кезінде көлікте отырып, зілзаланың басылуын күтуге бола ма? Tengri Auto табиғи апатты көлікте қауіпсіз өткізуге арналған бірнеше пайдалы кеңес ұсынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1. Сабырлы болуға тырысыңыз, жылдамдықты төмендетіп, мүмкіндігінше қауіпсіз жерге тоқтаңыз. Қозғалтқышты өшіріп, көлікті тежегішке қойыңыз. Ең алдымен бұл шынымен жер сілкінісі екеніне көз жеткізу керек, оны анықтау қиынға соқпайды, жәй ғана қозғалыс кезінде бақылаңыз.
2. Радио қосыңыз, одан маңызды ескерту мен кеңес тыңдай аласыз немесе өзіңізге сеніп, айналаңызға қараңыз. Егер жердің дірілдегенін сезсеңіз, онда сіз құлап жатқан заттар немесе жарылған жерді көресіз.
3. Көліктен шықпаңыз және көпірдің астына, ғимараттың жанына немесе басқа қауіпті жерге тоқтамаңыз. Тезірек жол жиегіне бұрылыңыз. Үрейленбей, қауіпсіздікке назар аударыңыз, өйткені сіз жолда жалғыз емессіз. Сондықтан жол қозғалысын бақылаңыз, тіпті кейбір жүргізушілер ашулануы мүмкін екенін ұмытпаңыз.
4. Бағана, ағаш секілді құлап кетуі мүмкін заттардан алысырақ тұраққа тоқтаңыз. Ғимараттың жанындағы тұрақтан аулақ болыңыз, себебі егер ғимарат құласа, көлік сізді қорғай алмайды.
5. Көпір үстімен жүрмеңіз, себебі ол жер сілкінісінен зақымдалуы мүмкін. Егер сіз көп деңгейлі автотұрақта болсаңыз, көліктен шығып, оның жанында отырып, оны қорғаныс ретінде пайдалану үшін көліктің бүйіріне тақалыңыз, бірақ көліктің астына жатушы болмаңыз.
6. Ықтимал апаттың алдын алу үшін мүмкіндігінше жол қозғалысынан аулақ болыңыз. Жер сілкінісі кезінде ешқашан су үстінде орналасқан көпірден, сонымен қатар жолдағы үлкен жарық үстімен жүрмеңіз.
7. Егер эвакуациялану қажет болса, көлікті жолда тоқтатыңыз, терезелерді жабыңыз, қозғалтқышты өшіріңіз, қол тежегішін қолданыңыз, кілтті құлыпта қалдырып, есікті құлыптамай кетіңіз. Бұл жедел жәрдем мен құтқарушылардың қозғалысына кедергі келтірмеу үшін маңызды.
8. Кезекті сілкіністен кейін орныңыздан қозғалмаңыз, жүрерден бұрын жағдайды бағалаңыз. Содан кейін үйге немесе басқа қауіпсіз баспанаға барыңыз, көлікті өте мұқият айдаңыз.
Жер сілкінісі кезінде көлікте отыруға қатысты маманның да пікірін алдық. Оның айтуынша, зілзала кезінде көлікте өзін қалай ұстау керегі туралы нақты ереже жоқ.
"Көпқабатты үйде тұратын көлігі бар адамдар жер сілкінісін өткізу үшін көліктерінде отырды. Кейінірек биік үйлерден алыс болу үшін ашық кеңістікке қарай жылжи бастады, мен бұл іс-әрекетті дұрыс деп ойлаймын, өйткені қатты жер сілкінісі болса, ол ғимараттар құлап кетуі мүмкін.
Зілзала кезінде көлікте өзін қалай ұстау керегі туралы нақты ереже жоқ, сондықтан әркім өз білгенін жасады. Бірі қала сыртындағы саяжайларға жеке үйі бар туыстарына кетті, басқасы биіктіктен алыс алаңдарда күтті. Тіпті кеше жанармай құю бекеттеріндегі кептелістен кейін көліктің багын әрқашан толық ұстауға тырысқан жөн", - деді ол.
Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "НТЦСН и И" сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкент 2 балл болып сезілген.
Артынша жер сілкінісі тағы да сезілді. Көп ұзамай жер сілкінісінің үшінші толқыны сезілді.
Алматыда жер сілкінісі қайталанбайды
Сейсмикалық болжау комиссиясы Алматыдағы жағдай бойынша қорытынды жасады. Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының базасында комиссия Алматы болжамдық полигонының аумағындағы сейсмикалық жағдайға бағалау жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша комиссияның кезектен тыс отырысының хаттамасы дайындалады.
"Комиссияның қорытындысына сәйкес күшті және жойқын жер сілкінісі күтілмейді", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді.
Алматы қалалық полиция департаментінің қызметтері мен бөлімшелері қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілді. Қаладағы жағдай тұрақты.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қанға қол батырысу деген қандай ғұрып?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!