- Негізгі бет
- LifeStyle
- Жапондардың ұзақ өмір...
Жапондардың ұзақ өмір сүруінің құпиясы
Фото:
pixabay.com
Эндокринолог Зухра Павлова ұзақ өмір сүретін адамдардың әдеттері жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Вечерняя Москва"-ға сілтеме жасап.
"Көгілдір аймақтардан, яғни 100 жасқа жеткен және одан асқан адамдардың ең көп шоғырланған бес аймағының тұрғындарынан үлгі алу керек. Өмір сүру ұзақтығына не әсер ететінін түсіну үшін ғалымдар оларды мұқият зерттейді", - дейді маман.
Жақсы зерттелген аймақтың бірі - жапондық Окинава. Эндокринолог осы жақтың тұрғындарының әдеттеріне мән беруді ұсынды:
- Табиғи қозғалыңыз. Әлемдегі ұзақ өмір сүретін адамдар жаттығу залдарына бармайды. Оның орнына олар оны қозғалысқа итермелейтін ортада болады. Мысалы, Окинава тұрғындары бау-бақша егеді, үй шаруаларын жасайды, көп жаяу жүреді.
- Күйзеліс көптеген проблемамен байланысты созылмалы қабынуға әкеледі. Күйзеліс деңгейін түсіру үшін Окинава тұрғындары күнде арғы ата-бабаларын еске алуға бірнеше минут арнайды.
- Қарныңыз 80%-ға тойғанын сезген кезде тамақтануды доғарыңыз. Сондықтан дастарханнан аздап тоймай қалған секілді сезіммен тұрған дұрыс.
- Өсімдік ақуызын көбірек жеңіз. Үрмебұршақ, соя және жасымық - ұзақ өмір сүретін адамдар диетасының маңызды құрауышы. Олар етті айына 5 рет қана жейді.
- Тек қызыл шарап қана ішіңіз. Алайда шаманы біліңіз, мас болғанша ішпеңіз. Көгілдір аймақтарда адамдар алкогольдің ішінен қызыл шарапты қана ішеді. Оны олар аз-аздан, бірақ жүйелі түрде ішіп тұрады.
- Ұзақ өмір сүретін адамдар қарым-қатынастың жоғары сапасын сақтайды. Окинава тұрғындары өздерін тек туыстарымен және мейірімді достарымен қоршайды.
Оқи отырыңыз: Қартаюды баяулату үшін рационнан алып тастау керек 7 өнім
А. Жапатова