Қартаюды баяулату үшін рационнан алып тастау керек 7 өнім

Қартаюды баяулату үшін рационнан алып тастау керек 7 өнім
Фото: ru.freepik.com

Табиғи қартаю процесін, өкінішке қарай, тоқтату мүмкін емес. Алайда салауатты өмір салтын сақтау арқылы қартаюды баяулатуға болады. Солардың бірі – дұрыс тамақтану. Қартаюды баяулату үшін қандай өнімдерді рационнан алып тастаған дұрыс?

Шұжық

Көпшілік нанға шұжық қойып жегенді жақсы көреді. Оның құрамындағы дәм күшейткіштер мен бояулар ағзада бос радикалдардың түзілуіне ықпал етеді. Ал ол ерте қартаюға және қауіпті аурулардың пайда болуына әкеледі.

Тәтті пісірмелер

Супермаркетте келе жатып, жаңа піскен тәтті пісірмелердің қасынан жай өтіп кету мүмкін емес. Алайда олардан бас тартқан дұрыс. Олар дене сымбаттылығына да, тері сапасына да жағымсыз әсер етеді. Қант асқазан-ішек жолы микрофлорасына жағымсыз әсер етіп, қартаю процесін жылдамдатады.

Тұзы көп тағамдар

Тұз – жасушалар қартаюын жылдамдататын өнімнің бірі. Өте тұзды тіскебасарлар немесе үйде дайындаған тамағыңыздың тұзды болып кетуі тері сұлулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Тұз ағзада судың тұрып қалуына және ісінуге әкеледі.

Энергетикалық сусын

Энергетикалық сусында сергітуші заттар көп. Бұл сусындар шынымен де сізге қуат беруі мүмкін, бірақ ол ұзаққа созылмайды. Оған қоса, оның құрамында қант пен кофеин көп. Көп мөлшердегі кофеин ағзаның сусыздануына ықпал етеді. Ал жас әрі күтімді көріну үшін энергетикалық сусынның орнына қарапайым су ішкен жөн.

Маргарин

Маргариннің пайдасына қарағанда зияны көп. Себебі оның құрамында трансмайлар бар. Олар ағзадағы ылғалды алып алады. Теріге ылғал жетіспесе, әжімдер ерте пайда болады.

Алкоголь

Алкоголь бүкіл ағзаға зиян. Алкогольді сусындар ағзадағы ішкі органдардың жаңаруына ықпал ететін антиоксидант - А дәруменінің деңгейін азайтады.

Майлы фастфуд

Әдетте фасфудты дайындауға ең арзан май қолданылады. Ол қыздырылған кезде зиянды бола түседі. Бұл тамақты жақсы көретіндер семіздікпен ғана емес, жүрек-қан тамырлар ауруымен қиналуы мүмкін. Сондай-ақ фасфуд құрамында трансмайлар болады, одан тері жағдайы нашарлай түседі.

А. Жапатова