Тамаққа тұзды көп салу бүйрек созылмалы ауруларының пайда болуына әкеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Styler"-ге сілтеме жасап.
АҚШ-тағы Тулейн Университетінің ғалымдары тамаққа тұзды жиі қосудың және бүйрек созылмалы ауруларының жоғары қаупі арасынан байланыс тапқан.
Зерттеу авторлары Британия биобанкінің 37-73 жас аралығындағы бұрын созылмалы бүйрек ауруы болмаған 465 288 қатысушысының мәліметтерін зерттеген. Оларды тамаққа тұзды қосу жиілігіне (мүлдем тұз салмайтындар, сирек, жиі және үнемі тұз салатындар) қарай бірнеше категорияға бөлген.
Тамаққа тұзды жиі салатын адамдардың дене массасының индексі жоғары және шумақтық сүзілу жылдамдығы (бүйрек қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіш) төмен болған.
Сондай-ақ тамаққа тағы да тұз салатын адамдар жиі темекі тартатын, диабетпен қиналатын және жүрек-қан тамырлар аурулары бар адамдар болған.
Ғалымдар жас ерекшелігі, жынысы, этникалық бейімділік, дене массасының индексі, темекі тарту, алкоголь ішу, физикалық белсенділік, холестерин деңгейі, қант диабеті және басқа аурулар секілді қосымша факторларды ескере отырып, қауіп әсерін есептеген.
Бақылау 11 жылға созылған, бүйрек созылмалы ауруы бар 22 031 жағдай тіркелген. Тамаққа үнемі тұз қосатын адамдарда бүйрек созылмалы ауруының даму қаупі жоғары болған.
"465 288 адам қатысқан топтық зерттеуде тамаққа тұзды жиі қосу бүйрек созылмалы ауруының даму қаупінің жоғары болуымен байланысты", - деп жазылған ғылыми жұмыста.
Әр тамаққа тұз қосып жеу әдетінен қалай арылуға болады?
Ағза қалыпты жұмыс істеуі үшін натрийдің аз мөлшері ғана жеткілікті, ол жүйке импульстерінің өтуіне, бұлшықеттердің жиырылуына және босаңсуына жауап береді. Сондай-ақ ол ағзадағы су-минералды тепе-теңдікті сақтауға қажет.