Ең алғаш "Шаншар" театры қандай қойылым қойды (видео)

Ең алғаш "Шаншар" театры қандай қойылым қойды (видео)
Фото: tvk-uko.kz

Күлкілі әзілдерімен халыққа танымал болған "Шаншар" театрының ең алғаш қандай қойылымдармен сахнаға шыққаны дүйім жұртқа қызықты екені рас. Қазіргі таңда тірі аңызға айналған күлдіргі ағаларымыз да кезінде талай белесті бағындырып, осындай дәрежеге жеткені белгілі. Әр әзіліне бір шындықты жанамалайтын жігіттер ең алғаш "Дәрігер" атты қойылым қойған екен. Өзінің қай жері ауыратынын білмейтін емделуші мен ұрысқақ дәрігердің арасындағы әзіл-шыны аралас диалог көпшіліктің сол уақытта көңілінен шыққаны көрініп-ақ тұр. Содан бері талай уақыт өтсе де, емханадағы жағдай сол қалпында. Тіпті қазірдің өзінде театрлар мен жайдарман сахнасынан ақ халаттыларға әзілдеп шындықты айтып жатқанын көруге болады. 

B. ZHAQSYMBET