Қанат Әлжаппаров досына допинг беріпті (видео)

Илья Илиннің допинг дауы біраз уақытқа дейін елді алаң-елең еткені белгілі. Рио-де-Жанейроға тартар жолда қос олимпиада чемпионын аяғына тұсау салғандай орта жолдан алып қалдық. Осы уақытқа дейін еншісінде болған екі алтын да көзден бұлбұл ұшқандай жоқ болып кетті. Илинмен қоса тағы да біраз спортшы бармақ тістеп, жазғы жарысты көк жәшіктен тамашалауыға тура келді. Жұртшылық ашуға бой алдырып жатқанда Қанат Әлжаппаров допинг дауын әзілге айналдырып халықты қыран күлкіге қалдырды. Сонымен Қанаттың шығарған әзілі қаншалықты өтімді екенін өзіңіз бағалаңыз.