Ламаның мақсаты мардымды болмады (Видео)

Адамның алдынан жаңа дүниелер кездескен сайын, қызығушылығы арта түсіп, жетуге ұмтылатыны сөзсіз. Әрине, тегін ірімшік тек тышқан аулаушыда болады дегендей, әрбір сыйлыққа жету үшін зор шыдамдылық пен еңбекқорлық қажет. Бір белесті бағындырған жандар келесі белестің адымын аттауға дайын тұрады. Кейде төзімділік пен талаптылық та ешқандай пайда әкелмеуі мүмкін. Есесіне өмірлік мол тәжірибие алатыныңыз сөзсіз. Ғажап та азап мақсатқа жету жолындағы күрделі кезеңдерді бағындыру туралы тамаша мультфильм шыққан екен. Шөл даланы кезіп жүрген Ламаның алдымен жасыл шөпке аузы тиіп, кейіннен жемістің дәмін тату үшін қандай әрекеттерге баратынын тамашалаңыздар. Әрбір әзіл өмірден алынғандай, мультфильмдердің де сізге тигізер пайдасы зор.