Тұрсынбек қабатов - Кім кінәлі? (Видео)

Тұрсынбек қабатов - Кім кінәлі? (Видео)
Фото: www.youtube.com

"Күлдіре білу  өнер, күлкіге қалу  өлім" дегендей, қашан да орнымен әзілдеп, сөзді де астарлап жеткізе білсеңіз, қасыңыздағы адамның ашуына тимей түсіндіріп, бір мәмілеге келу оңай болады. Кейде адамның іші пысып, не істерін білмеген кезде күлкілі қылықтар жасап, әзіл әңгіме айтып немесе ғаламторда түрлі қызықты видеолар көретіні белгілі. Болған концерттерге, көңілді кештерге бара алмай қалған жандар желі арқылы назар салып, бір күліп алады.

Талайды таңғалдырып, әзіл әлемінде өз орынын қалыптастыра білген Тұрсынбек Қабатовтың әр айтқан сөзі бүгінгі таңда керемет әзіл, мағыналы сөз болған. Өмірден алынған оқиғалар кімді болса да таңқалдыратыны анық. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға Тұрсынбектің "Кім кінәлі?" атты көрінісін ұсынбақпыз. Бала тәрбиесіне қазіргі күнде ата-ананың рөлі қандай екенін, келін мен ененің арасындағы қандай кикілжіңдер болатынын осы видеодан тамашалай аласыздар.  

B. ZHAQSYMBET