Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Езутартар / Әйелдерге ұнайтын әзіл

Әйелдерге ұнайтын әзіл

Әйелдерге ұнайтын әзіл

Жақыннан бері сайтта "Әйелдер айтатын жалған сөз" дедік пе, "Әйелдер мен еркектер" дедік пе, әйтеуір нәзік жандылардың жанына батар біраз дүниелерді айтып салыппыз. Енді олардың да көңілін серпіп тастар кез келген сыңайлы. Төмендегі әзіл де нәзік жандылар үшін арналған. Оқи отырыңыз. 

Бір жігіт үнемі отбасын асырау үшін өліп-талып қарбалас жұмыста жүреді екен. Бірақ, әйелінің күні бойы үйде бос отыратынын ойлап, бұл әділетсіздікке төзе алмапты да, Тәңірге жалбарыныпты:

- О, Тәңірім, мен әр күні таңнан кешке дейін қарбалас жүремін. Ал әйелім менің осы отбасы үшін қаншама тер төгіп жатқанымды білмейді. Ол екеуміздің орнымызды бір күні ауыстыршы, ол ақша табудың қиындығы мен менің қадырымды білсін депті.

Тәңір оның тілегін қабыл алыпты. Екінші күні таңертең оянып, әйелдің өзгергенін біліпті де, өз борышын өтей бастапты. Алдымен балаларын оятып, киіндіріп, таңғы ас әзірлепті. Күйеуін де ыстық ықыласпен жұмысына аттандырып салыпты. Сосын балаларының түскі асын әзірлеп, сумкаларына салып, бірін мектепке, бірін балабақшаға апарып, қайтар жолда банкке кіріп, кезекке тұрып, ақша шығарыпты. Базардан үйге керекті заттарды алыпты. Үйге келген соң күнделікті есеп дәптеріне бүгінгі шығымды қалдырыпты. Не керек, қарбаласып жүріп, сағаттың 1:00 болғанын да байқамай қалыпты. Тіптен түскі ас ішуді де ұмытып кеткен еді. Асығыс төсекті реттеп, кір киімдерді жуып-шайыпты. Үй ішінің шаңын сорғызып, ас үйді тазалап болғанда мектептен қайтар балалары еске түсіпті. Жан ұшыра жетіп, алдымен балабақшадан, сосын мектептен балаларын алып қайтыпты. Қайтар жолда сәбилерімен қызу әңгімеге түіпті. Олардың көңілін табудың да үлкен жұмыс екенін сонда ғана сезініпті. Үйге келе сала өзі әзірлеп қойған тамақ пен сүтті беріп, балаларының сабағына көмектесіпті. Және бір жағынан құрғаған киімдеріне үтіктей отырыпты. Күйеуінің жұмыстан қайтар мезгілі есіне түіпті де, дереу кешкі ас әзірлеу қамына кірісіпті. Дастарқан әзірлеп, ас ішіліп, балаларын да тамақтандырып, қойшы әйтеуір, ыдыс-аяғын жуып, үтіктелген киімдерді реттеп, балаларын жуындырып, ұйықтатыпты. Түнгі сағат 10:00 болғанда оның төзімі әбден таусылыпты. Бірақ бұл кезде оның бір күндік жұмыс уақыты әлі аяқталмаған еді...

Екінші күні таңертең ол төсегінің жанында тізерлеп отырып, Тәңірге тағы да жалбарыныпты:

- А, Тәңірім, мен әйел затының күйбең тірлігін сезіндім. Бұл менің қолымнан мүлде келмейді екен. Жалынғаным болсын, еркек қалпыма қайтқым келеді.

- Бейшара пендем, бір күндік азапқа түскеніңді білем. Уәде бойынша қалпыңа келуің керек еді. Бірақ, енді тоғыз ай күтуіңе тура келіп тұр. Кеше түнде сен жүкті болдың. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

5460 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 12 қазан 2012, 15:30
Пікірлер
+0
12 қазан 2012, 16:04

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol: қарқ-қарқ күліңдер, нәзік жын...жандылар :)

+0
13 қазан 2012, 01:47

арбир еркек омиринде солай бир рет айел болып корсе тусинетин еди де айелдерди)))

+0
13 қазан 2012, 20:21

еркек болып туылганыма шукир))

+0
15 қазан 2012, 00:26

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
15 қазан 2012, 08:53

:lol: :lol: :lol:

+0
07 қараша 2012, 23:21

жұмыс істемей үйде отырып, үйдің тіршілігімен айналысатын әйелдің кейпін бастан кешріген, енді әрі жұмыс істеп+үйдің тіршілігімен айналысса жағдайы не болады екен?))))))

+0
07 қараша 2012, 23:21

Жалбарынуға да шамасы келмей қалатын шығар)))))

+0
19 қаңтар 2013, 21:44

:lol: Ой,катырган екен,Алла тагалла туу жагын еркектерге алмастырса жаксы гой :lol:

+0
27 қаңтар 2013, 02:11

еркектер тусинсе жак жаксы го)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...