"Пусть говорят" алматылық кішкентай жұлдыздар жайлы сюжет көрсетті

"Пусть говорят" алматылық кішкентай жұлдыздар жайлы сюжет көрсетті
Фото: nur.kz

Сейсенбі күні кеште, 29 наурызда, Бірінші арнадағы "Пусть говорят" бағдарламасында Алматыда тұратын кішкентай Интернет жұлдыздары жайлы сюжетті көрсетті. Бес жасар Әмина мен үш жасар Әдия және бір жарым жасар Аружан, олардың ата-анасы бағдарламада "Аффтор жжет" циклінің қонағы болды.

"Мен адамдарды күлдіргенді жақсы көремін, түрімді тыржитып, қызықты вайндар түсіремін", - деп жауап берді Әмина тележүргізуші сұрағына.

Бүлдіршін Қызыл алаңға барғанда оны адамдар танып жатқанын айтқанда "Осы бағдарламадан кейін сен тіпті Роза Рымбаевадан да атақты болып кетерсің", - деп әзілдеді Андрей Малахов.

38-ші минуттан бастап көріңіз:

Айта кетейік, қыздар 2015 жылдың тамызынан бастап қызықты видеолар түсіре бастаған еді. Алматылық бүлдіршіндер Интернетте жұлдызға айналды. Қыздар түскен қысқа видеолар YouTube және Instagram желісінде мыңдаған көрілім жинап жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

Е. Жұмабайұлы