Қырғыз қызы Инстаграмда жаңа тренд қалыптастыруда

Қырғыз қызы Инстаграмда жаңа тренд қалыптастыруда

Қырғыз қызы Эльдана Сатыбалдиева Инстаграм әлеуметтік желісінде жаңа тренд қалыптастыруда. Қарапайым қызды жұлдызға айналдырған басты сиқыр - оның ешкімге ұқсамайтын видео дайындай алуында. Ол 15 секундтық видеоға айыр қалпақты ағайындарымыздың күйбең тірлігін сыйғыза біледі. Eldana_Foureyes атымен танымал қырғыз қызы әр видеоға шығармашылықпен келіп, оқырманның жүзіне күлкі үйіреді. Оған видео түсіруге достары көмектеседі екен. Бүгінде оның Инстаграмдағы парақшасын 175 мың адам оқиды. Ендеше Эльдананың шығармашылығына көз жүгіртіңіз. 

Сыныпта/ мұғалімдер бөлмесінде 

Әженің бәрі бірдей!

Жаңа жылға дайындық: Америкада/ Қырғызстанда

Қыздардың ойы жүйрік!

Қыздар үшін ең бастысы - суретке түсу.

Эльдананың видеоларынан соң, Инстаграм әлеуметтік желісінде осыған ұқсас видеолар көбейіп кетті. "Ел іші - өнер кеніші" демекші, нағыз шығармашылық өз жанкүйерін табатынына тағы бір мәрте куә болдық. 

Сурет: ztb.kz

Оқи отырыңыз:

Сәбидің тәтті қылығы

Қай жануар қалай ұйықтайды?

Қалжың қалта

М. Оңғарова