Оқушылар туралы әзілдер

Мектептегі балғын балалық шағыңыз есіңізде ме? Шыжығы мен қызығы мол күндердің артта қалғанына көп уақыт болса да, естеліктері мәңгілік жадымызда. Сол естеліктердің күлкілі сәттерін оқып, күліп алыңыз. 

Мектеп директоры ремонтқа 2000 теңгеден жинады.

Сұрақ: Мектепке жаңа джиптің не қажеті бар?

- Бізге жаңадан оқушы келді. Өзі сондай сұлу бала.

- Жақсы болған екен. Әйтпесе, сыныптағы ұлдарыңның түрі онша емес қой.

- Жаңадан келген оқушы да солай ойлайды.

Тарих сабағынан емтихан.

Мұғалім: - Ең алғашқы ұшқыш әйел.

Оқушы: - Жалмауыз кемпір.

Мұғалім-мұғалімге:

Сыныбым сондай ақымақ. Бір рет түсіндірдім, түсінбеді. Екінші рет түсіндірдім, түсінбеді. Үшінші ретінде өзім де түсініп алдым. Ал олар әлі түсінбеді.

Технология сабағынан беретін мұғаліміміз бір шөлмек ішімдік ішкен соң музыка пәнінің мұғаліміне айналады. Екіншісінен кейін философия пәнінен сабақ беріп кететіні бар.

1-4 сыныпта ұнататын, 5-8 сыныпта көшіруге беретін, 9-11 сыныпта бірге отырғанда жақсылап күлуге болатын оқушымен отыратынымыз рас қой?

Мұғалім тақтаға шақырар кезде біреуі микроинфаркт алып, екіншісі жаратқанға жалбарынып, үшіншісі үй тапсырмасының жартысын жаттап үлгеретін кезі естеріңізде ме?.

Жақында ата-аналар жиналысы болады. Кіру тегін, шығу 2000 теңгеден жоғары.

Мектеп кезінде озат оқушылар нашар оқитындарға көшіруге береді. Ал мектепті бітірген соң нашар оқитын оқушылар озаттарға пайызбен ақша береді.

Сыныпта бақылау жұмысы жазылып жатыр. Сынып жетекшісі оқушыларды жақсылап бақылап, көшіріп жатқандарын шығарып жіберуде. Сыныпқа завуч кіріп:

- Ал қалай жазып жатырсыңдар? Араларыңда көшіруді жақсы көретіндер де бар шығар? – деді.

Оқушылар:

- Жақсы көретіндер сыртта тұр, тек бұл істің нағыз мамандары қалды.

Сауда дүкендері озат оқушыларға арналған жиынтық ұсынады. Жиынтықтың ішіне сөмке, пенал, дәптер, қалам, күнделік кіреді. Және сыйлыққа белдік беріледі.

Мұғалім темекі тартатын адамдар ұзақ өмір сүрмейді деп, дәлел ретінде 9 сыныптағы Қожаны атып тастады.

Бастауыш сыныпта ұлдар әдемі қыздардың шашын тарта береді. Өскен соң әдемі қыздардың неге ақымақ болатынына таң қалады.

Мен химия есептерін шамамен былай түсінемін:

Екі түйе ұшып бара жатты. Бірі – қоңыр, екіншісі – солға. Кірпінің жасы 24-те болса, асфальттың килограммы қанша?

Мұғалім ата-аналарға: Сіздердің балаларыңыз көктемнің жайқалған гүліндей.

Ата-аналар: - Рақмет сізге!

Мұғалім: - Бүршік атқандай бәрі бет-бетімен кетіп барады!

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет:fashion.ru