- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ерлерге пайдалы 10...
Ерлерге пайдалы 10 өнім
Дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауда маңызды рөл атқарады. Ерлердің қоректік заттарға деген қажеттілігі әйелдерге қарағанда өзгеше. Ерлердің денсаулығын, энергиясын және белсенділігін сақтауға ықпал ететін 10 пайдалы өнімді ұсынамыз.
1. Албырт
Албырт – омега-3 майлы қышқылдарына бай өнім. Ол жүрек саулығын сақтауға, ми жұмысын жақсартуға және ағзадағы қабынуды азайтуға көмектеседі.
2. Қарақұмық
Қарақұмықта ақуыз, жасұнық және магний, фосфор секілді микроэлементтердің мөлшері көп. Бұл пайдалы заттар бұлшықеттерді қатайтуға, сүйектер саулығын сақтауға және асқорытуды қалыпқа келтіруге көмектеседі.
3. Грек жаңғақтары
Грек жаңғақтарында пайдалы майлар, дәрумендер, антиоксиданттар және минералдар бар. Ол әсіресе мырышқа бай. Сондықтан грек жаңғағы иммунды жүйені және тестостерон деңгейін сақтауға көмектеседі.
4. Куркума
Куркума – антиоксиданттық және қабынуға қарсы қасиеті бар дәмдеуіш. Оның белсенді компоненті – куркумин түрлі аурулар, соның ішінде жүрек-қан тамырдар аурулары қаупін азайтуға көмектеседі.
5. Көкөністер
Асжапырақ (шпинат), картоп, брокколи және қырыққабат секілді көкөністер көптеген дәрумен, минерал және антиоксидантқа бай. Олар жалпы денсаулыққа пайдалы және ағзаны күйзелістен қорғайды.
6. Анар
Анарда С дәрумені мен антиоксиданттар көп. Ол қанайналымды жақсартады, жүрек саулығын сақтайды және қатерлі ісіктің даму қаупін азайтады.
7. Қызыл балық
Тунец және албырт секілді қызыл балықтар омега-3 майлы қышқылдарына және D дәруменіне бай. Сондықтан бұл өнімдер сүйектер мен бұлшықеттер саулығы үшін қажет.
8. Авокадо
Авокадо қанықпаған майларға, калийге және Е дәруменіне бай. Ол жүрек саулығына, қысым деңгейін реттеуге және жалпы иммунитеттке пайдалы.
9. Айран
Айранда пробиотик пен протеин бар. Ол асқазан-ішек жолы мен иммунды жүйені сақтауға, асқорытуды жақсартуға көмектеседі.
10. Сарымсақ
Сарымсақ микробтарға қарсы қасиетке ие және ол жүрек саулығын сақтауға, қысымды бақылауға және иммунды жүйені қатайтуға көмектеседі.
Күнде бір сарымсақтан жесеңіз не болады?
А. Жапатова