Ер адамның қандай әрекеттерін кешіруге болмайды?

Психологтарға сенсек, көпшілік әйел нақты сол ер адаммен қарым-қатынасты жоғалтқысы келмегендіктен, еркектің жарамсыз қылығына көз жұма қарайды. Ал шындығында мұндай токсик қарым-қатынаста әйел өзін қорғалған және бақытты сезінбейді. Womanhit порталы ер адамның кешіруге болмайтын әрекеттерін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәуелділік

Көпшілік әйелде құтқарушы синдромы дамыған. Еркегін тәуелділіктен, мысалы, ішімдікке салынудан шығарып аламын деп әйел өзін және уақытын жоғалтып алады. Ал ер адамды өзінің жағдайы қанағаттандырады. Егер адам өздігінен дұрысталуға тырыспаса, оған көмектесе алмайсыз.

Физикалық зорлық

Ер адамдар көбіне әйел "мені өзі мәжбүрледі" деп ақталады. Алайда бұл әрекетті ешнәрсемен ақтауға келмейді. Ер адам бұл әрекетке саналы түрде барады. Егер ол оны бір рет жасаса, ол оны тағы қайталайды. Себебі сіз оның бұл әрекетіне қалыпты әсер бердіңіз.

Қорлау

Бұл сізді және сіздің жақындарыңызды қорлауға қатысты. Ер адам сіз оған рұқсат берген нәрсені жасайды. Сіз өзіңізді қорлауға мүмкіндік бергендіктен, бұл қалыпты нәрсеге айналады. Сондықтан шекара қойып үйреніңіз.

Көзге шөп салу

Психологтар бұл сұрақта қандай да бір шек бар деп санайды. Кей психологтардың ойынша, егер ер адам бір рет опасыздық жасаса және бұрын мұндай әрекет қайталанбаған болса, бұл жағдайды жақсылап ойланып, онымен ашық сөйлдесіп, қарыс-қатынасқа екінші мүмкіндік беруге болады. Алайда егер ер адам жүйелі түрде опасыздық жасаса, бұл жерде кешірім жайлы сөз қозғаудың қажеті жоқ.

Неліктен кей ер адамдарға өзінен үлкен әйелдер ұнайды?