- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Ең мықты сейсмолог...
"Ең мықты сейсмолог - люстра". Әлеуметтік желіде Алматыдағы жер сілкінісі жайлы қандай әзілдер тарады?
Алматыда түнде болған жер сілкінісі адамдарды қатты қорқытты. Алайда бұл тақырыпта мемдер мен қалжыңдар ойлап тапқандар да аз болмады. Massaget.kz Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты әлеуметтік желіде тараған әзілдерді ұсынады.
Жер сілкінісінен соң алматылықтардың көпшілігі көліктеріне отырып, қала сыртындағы жер үйлеріне немесе жер үйі бар таныстарына кетуге тырысты. Алайда қала көшелерінде үлкен кептеліс пайда болды. Кептелісте тұрған жолаушылар 2 GIS-те әзілдесіп, түрлі пікірлер жазды.
Пікір жазғандардың арасында бірі "өзіміз отырып шай ішейік" десе, бірі үйін сататынын айтты.
Жер сілкінісін естіген адамдар үйлерінен далаға асыға жүгіріп шықты. Бірі сырт киімдерін, ал басқалары аяқ киімдерін, тіпті, шұлықтарын киіп үлгермеген.
@aidyn.xan Сыртқа шығам деп бәрінде осындай болдыма?
♬ оригинальный звук - Doha
Сыртқа шыққан адамдар көршілерімен танысып үлгерді.
Жер сілкінісі кезінде барлық адам бірдей далаға шықпаған. Мысалы, мына видеодағы ер адамның сабырлығына таңғалуға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жер сілкінісі кезінде үйінен шықпағандар ғана емес, ойынын қимай компьютерлік клубтан шықпағандар да бар.
@f1cyberclub #kazakhstan #almaty #землетрясение #csgo #dota ♬ оригинальный звук - лидер гильдий one shot's
Сондай-ақ жер қозғалса да, ештеңе сезбей ұйықтаған адамдар да бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жер сілкінісі кезінде сабаққа баруға оятты екен деп ойлап, мектеп формасын киіп шыққан бала жұртты күлдіртті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматылықтарға жер сілкінісі жайлы хабарлама келмеді, көпшілік ол жайлы аспалы шам қозғалғанда ғана білді.
Әлеуметтік желі қолданушылары алматыдағы жер сілкінісі жайлы фильм үзінділерімен де әзілдесті.
@shamaomar Қалайсыздар ? Тірісіздерме ?#землятресение #алматы ♬ оригинальный звук - Шамшаддин Омар
Еске салайық, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "НТЦСН и И" сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 2024 жылғы 23 қаңтарда сағат 00:09:02-де (2024 жылғы 22 қаңтарда Гринвич бойынша 18 сағат 09 мин 02 сек) жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Жер сілкінісі MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 5 балл, Шымкентте 2 балл болып сезілген.
Артынша жер сілкінісі тағы да сезілді. Көп ұзамай жер сілкінісінің үшінші толқыны сезілді.
А. Жапатова