Әдетте егде жастағы адамдарда кальций жетіспеушілігінен остеопороз пайда болып, салдарынан сүйек сынығы мен жарығы көп болады. Massaget.kz тілшісі егде жастағы адамдар кальций тапшылығын толтыру үшін қандай тағамдар жеу керегін анықтап көрді.
Адам остеопорозға шалдықса, сүйектің минералды тығыздығы төмендеп, олар нәзік әрі жұқа болады, тіпті жеңіл соққыға да төтеп бере алмай, сүйек сынуы мүмкін. Ал егер жамбас мойын, кәрі жілік және омыртқа сынса, соңы мүгедектікпен аяқталу ықтималдығы жоғары.
Сондықтан, ағзада кальций мөлшері жеткілікті болуы үшін сүт өнімдерін көбірек тұтынуға болады.
Сонымен қатар, кальций брокколи, салат жапырақтары секілді көкөністер, жаңғақ, дән және бұршақ дақылдарында көп. Алайда кальций Д дәруменісіз ағзада сіңірілмейтіндіктен, кальций мөлшері жеткілікті болғанымен Д дәрумені тапшы болса, ешқандай нәтиже бермейді.
Ал Д дәрумені ақсерсе, майшабақ секілді майлы балықта, жұмыртқаның сарысында бар. Ет, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері, бұршақ және жаңғақтар сияқты ақуызға бай тағамдарды бірге тұтыну керек.
Оған қоса, жеңіл жаттығу, бассейн, скандинавиялық және ашық ауада серуендеу де сүйек пен бұлшықеттерді нығайтуға қабілетті.
Егде жастағы адамдарда көру қабілеті нашарлайтындықтан, құлау немесе сүріну қаупі жоғары. Олар өте мұқият болуы керек. Арнайы таяқ секілді құралдарды пайдалану құлау, сыну қаупін азайтуға көмектеседі.
Айта кетейік, бұған дейін егде жастағы адамдарға арналған жаттығулар тізімі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 20-сы күні туған адамдар қандай болады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!