- Негізгі бет
- LifeStyle
- Диета ұстағанда басыңыз...
Диета ұстағанда басыңыз ауыра ма? Себебін біліңіз!
Адамдардың артық салмақтан арылғысы келуі және арманындағы дене пішініне жеткісі келуі кейде жағымсыз салдарларға әкеледі: біреулерде асқорытумен проблемалар болса, тағы біреулерде бас ауыруы пайда болады. Диета ұстағанда басыңыз ауырмас үшін оның себептерін біліп, алдын алу керек.
Глюкозаның жетіспеуі
Бұл зат мидың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Ал сіз көмірсулар мөлшерін азайтып тастасаңыз, ағза глюкозаның үйреншікті мөлшерін жоғалтады. Сол заттың жетіспеуінен адам шаршап, басы айналуы немесе басы ауыруы мүмкін. Егер басыңыздың ауыруы 5-6 сағат бойы кетпесе, өзіңізді қинамай бір кесе тәтті шай ішіп жіберіңіз. Сондықтан диетаны бастамас бұрын рационды жоспарлаған кезде тәтті тағамдарды бірден толықтай алып тастамай, біртіндеп азайтыңыз.
Аралық ми бөліміне күш түсу
Мидың осы бөлігі аштық пен тоқтыққа жауап береді. Сондықтан қатаң диета кезінде ол қоректік заттардың жетіспеуі жайлы белгілерден зорығады. Диета кезінде пайда болатын маңдай тұсындағы ауырсыну сіздің рационды бірден қысқартып тастағаныңызды білдіруі мүмкін.
Ағзаның улануы
Майды жағу қанға кетондық денелерді түзу және шығару арқылы болады. Оны ағза уыттар секілді қабылдап, миға улану жайлы белгі жібереді. Уыттарды жылдам шығару үшін таза суды көбірек ішіңіз.
Сусыздану
Бас ауруының жиі кездесетін себебінің бірі – ағзаға сұйықтықтың жетіспеуі. Сондықтан әлсін-әлсін су ішуді ұмытпаңыз. Басыңыз ауырып кетсе, жылы су немесе шөптік шай ішіңіз.
Физикалық жүктеменің көп болуы
Көпшілік диета ұстап бастаған кезде физикалық жаттығуларды да жасап бастайды. Бірақ ағза мұндай жүктемеге үйренбеген болса, ода толыққанды жаттығу жасауға энеригия жетіспеуі мүмкін. Сондықтан ағза жағымсыздық сезе бастайды. Не істеу керек? Жаттығу алдында ақуызға бай тағам жеуді ұмытпаңыз.
Кофеиннен бірден бас тарту
Кофені көп ішкеннен бас ауырады, бірақ сол секілді одан бірден бас тартсаңыз да, басыңыз ауыруы мүмкін. Сондықтан одан бірден бас тартпай, оның мөлшерін біртіндеп азайтыңыз.
Дұрыс тамақтану: Үйреншікті тағамдарды немен алмастырамыз?
А. Жапатова