50 жылдықтың үздік романына "Алтын Букер" сыйлығы табысталды

50 жылдықтың үздік романына "Алтын Букер" сыйлығы табысталды
Фото: hollywoodreporter.com

Канадалық жазушы Майкл Ондатженің “Ағылшын емделуші” романы Алтын Букер премиясының иегері атанды, – деп хабарлайды The New York Times

"Алтын букер" премиясы “Букер сыйлығының” 50 жылдығына орайластырылған. Соңғы 50 жылдың үздік кітабын анықтау үшін қазылар 5 кітап ұсынған еді: Майкл Ондатженің «Ағылшын емделушісі» (1992), британиялық Хилари Мэнтелдің «Қасқыр толы зал» (2009, 2012), британиялық Пенелопа Лайвлидің «Ай жолбарысы» (1987), америкалық Джордж Сондерстің “Бардодағы Линкольн” (2017) және үнді жазушысы Видиадхар Найполдың “Еркін мемлекетте” (1971) шығармалары. Бұл тізімге кірген әр кітап "Букер" сыйлығының онжылдықтар тарихын көрсетеді. 

Үздік шығарма ашық дауыс беру арқылы анықталып, Майкл Ондатже шығармасы жеңімпаз атанды. 1992 жылы жазылған “Ағылшын емделуші” романының желісі Екінші Дүниежүзілік соғысқа негізделген. 1996 жылы кітап желісі бойынша “Miramax films” студиясы фильм түсірген. Басты рөлдерді Ральф Файнс пен Жюльет Бинош сомдап, фильм 1996 жылы "Оскардың" тоғыз сыйлығына ие болды. 

Букер сыйлығы 1969 жылдан бері табысталып келеді. Басты шарт – шығарма ағылшын тілінде жазылып, Ұлыбритания баспаларында жарыққа шығуы тиіс.

Massaget.kz