Заманауи "Лир патша"

Заманауи "Лир патша"
Фото: vk.com

Шекспир шығармалары нағыз шедевр ретінде өзіне қайта оралта береді. Оның туындыларын өзіндік көзқараспен жеткізгісі келетіндер қатарынан режиссер Ричард Эйр де табылды. Ол атақты "Лир патша" трагедиясын телеэкранға алып келді.

Британиялық BBC Two каналының арнайы ұсынысымен жүзеге асырылған жобада басты рөлді Оскар марапатының иесі Энтони Хопкинс сомдайды.  Түсірілім үдерісіне одан өзге Эмма Томпсон, Эмили Уотсон, Флоренс Пью, Джим Бродбент, Эндрю Скотт пен Кристофер Экклстон сынды актерлер жұмылдырылған.

Бір қызығы, "Лир патша" – Шекспир пьесасының заманауи өмірге адаптацияланған нұсқасы.

Т. Раушанұлы