Атақты адамдарға кімдер кітап жазып береді?

Атақты адамдарға кімдер кітап жазып береді?
Фото: vk.com

Гострайтерлік — басқа адам үшін көркем туынды немесе кітап жазып беру бизнесі. Әдетте бұл құпия жасалады. Қазір үлкен сұранысқа ие. Гостайтерлікпен айналысатындардың қаржылық жағдайлары өте жоғары. Себебі, қызмет қымбат тұрады. Мұндай «елес авторлар» кез-келген тақырыпқа қатысты сұраныстарды қанағаттандыра береді.

Қазір әншілерден бастап спортшыларға дейінгі танымал адамдардың көпшілігі өз өмірі туралы кітап шығаруды сәнге айналдырып алды. Олар авторларды LinkedIn, Reedsy, MediaBistro, Upwork сайттарынан немесе Америкалық Гострайтерлер ассоциациясынан іздейді.

Біздің елде бұл бизнестің қаншалықты дамығаны және гострайтерлерді қайдан іздеу керек екені белгісіз. Дегенмен, тез етек жайған әдеби бизнестің ауылы алыс емеске ұқсайды.

А. Оралқызы