Ақын, прозашы һәм әдеби сыншы Ардақ Нұрғазыұлымен кездесу кеші өтеді

Ақын, прозашы һәм әдеби сыншы Ардақ Нұрғазыұлымен кездесу кеші өтеді
Фото: жеке мұрағат

27 қараша күні сағат 17:00-де  «Дом Q»  театрында «Полифония» фестивалінің шығармашылық кездесулері аясында және «Отандасыңды оқы» жобасының шеңберінде ақын, прозашы һәм әдеби сыншы Ардақ Нұрғазыұлымен шығармашылық кездесу өтеді.

Кездесуде Ардақ Нұрғазыұлы өз шығармашылығымен қатар қазақстандық қалың оқырманға мәлім емес Қытайдағы қазақтардың қазіргі заманғы поэзиясы мен прозасын ел назарына ұсынады.

Ардақ Нұрғазыұлы – ақын, прозашы һәм сыншы. 1972 жылы Қытайда дүниеге келген. 1995 жылы жоғары оқу орнын тәмамдаған. 1991 жылдан бастап шығармалары жарық көріп келеді. 2006 – 2008 жылдары «Шетел әдебиеті» газетінің бас редакторы болған. «Жалған бостандық кітабы» (2009 ж.), «Арақұс» (2012 ж. қазақ-қытай тілінде), «Дәлдік һәм тұнықтық» (2014 ж. ағылшын-қытай-қазақ тілінде), «Тас баспалдақты көше» (2014 ж.), «A Garden of Trees and Other Poems» (2016 ж.)  өлең жинақтарының, «Қазақтың модернистік поэзиясы» (2010 ж.) сын еңбегінің, «Сызықтар мен нүктелер» (2010 ж.) әңгіме жинағының авторы. Өлеңдері ағылшын, қытай және орыс тілінде жарық көрген.

Шығармашылық кеш қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді (қазақ, ағылшын тіліндегі өлеңдерге мен қысқа әңгімелерге экранда орыс тіліне аудармасы қоса беріледі).

Шығармашылық кеш  "Дом Q" театрында өтеді. Мекен-жайы: Фурманов көшесі, 119 үй. 

Н. Айдархан