Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен  «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ «Қазақстан  Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің XVIII дәстүрлі республикалық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – жұртшылықтың рухани сауаттылығын көтеру, көркемсөз оқу мәдениетін жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу. Қазақ әдебиетінің құнды мұраларын ел арасына насихаттауды көздейтін дәстүрлі байқау арқылы көркем шығарманың оқырмандар жүрегінен жол табуына, сөз өнеріне деген жастардың қызығушылығын арттыруына ықпал ету.

Прозалық шығармалардан үзінді оқу және поэтикалық туындыны мәнерлеп оқу бойынша сайысқа түскен қатысушылар бар өнерін ортаға салып, өзара мықтыларды анықтады. 

Байқауға белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет, жазушы Мархабат Байғұт, көземсөзші Нұртөре Жүсіп, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы сынды танымал тұлғалар қазылық жасады. 

Байқау қорытындысы бойынша, 3-орын (100 000 теңге) Солтүстік Қазақстан облысынан келген Хехнай Ақмарал Көкенайқызына бұйырды. Екінші орынды (120 000 теңге) қарағандылық Нұртай Айсұлу Еламанқызы иеленсе, бірінші жүлде  (150 000 теңге) Камел Айдана Қайдарқызының еншісіне тиді. 

Байқаудың бас жүлдесін (180 000 теңге) Алматы облысы атынан келген Қадыржан Серікбекұлы жеңіп алып, көркемсөз оқу шебері атанды.

Белсенді қатысқаны үшін алғысхат және  ынталандыру сыйлығымен (50 000 теңге) Құлшаров Елдос (Атырау облысы), Мақсұтбек Абылай (Шығыс Қазақстан облысы), Мыңбай бақыт (Оңтүстік Қазақстан облысы), Қапанова Айнұр (Павлодар облысы) марапатталды. 

Ал қалған 7 үміткерге байқауға қатысқаны үшін 20 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлығына ие болды.