Проза жанрында республикалық жабық бәйге жарияланды

Проза жанрында республикалық жабық бәйге жарияланды
Фото: scientificlife.ru

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, марқұм Бақтығұл Ойшыбаевтың 75 жасқа толуына байланысты жазушының ұрпақтары барша қаламгерлерді, әсіресе, жастарды, қолдау мақсатында проза жанрында үздік шығармаларға республикалық жабық бәйге жариялайды.

Бәйгенің мақсаты: Өнер өлкесіне қадам басқан жастардың тырнақалды туындыларымен оқырмандарды таныстыру.

Бәйгенің шарттары: Бәйгеге бүгінгі қала мен ауыл тіршілігін суреттеген көркем әңгімелер ұсынылады. Сонымен қатар Бақтығұл Ойшыбаев сынды шындықты ту етіп, әлсіздерді қорғап, әділетсіздікке қарсы күрескен, қанша қысым көрсе де, алған бетінен қайтпаған қайсар тұлғалардың ғұмырын арқау еткен туындылар да қабылданады. Көркем шығармалар бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс. Көлеміне шек қойылмайды.

Бәйге жеңімпаздарын арнайы құрылған тәуелсіз қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздарға берілетін бәйге көлемі:
I орын – 300 000 (үш жүз мың) теңге
II орын – 200 000 (екі жүз мың) теңге
III орын – 100 000 (жүз мың) теңге
Жеңімпаздарға Бақтығұл Ойшыбаев атындағы бәйгенің символдық белгісі бірге тапсырылады.

Көркем шығармаларды тапсыру мерзімі: Әдеби шығармалар бәйге жарияланған күннен бастап 2015 жылдың 20 маусымына дейін қабылданады.

Бәйгеге жас ерекшелігіне қарамастан, еліміздің барлық азаматы қатыса алады.

Қосымша ақпарат алу үшін «Жайық Пресс» ЖШС-на (Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1) келіп жолығуға немесе 8(7112) 51-25-81 телефонына хабарласуларыңыз сұралады.

Материалдарды zhaikpressaudan@mai.ru электронды поштасына немесе Facebook әлеуметтік желісінің «Б.Ойшыбаев. Журналистер байқауы» парақшасына жолдауға болады.

Бәйге қорытындысы 2015 жылғы 28 маусымда Баспасөз қызметкерлері күні жарияланып, жеңімпаздардың жүлделерін жазушы Бақтығұл Ойшыбаевтың ұрпақтары табыс етеді.

Ш. Талап