«Қазақ хандығына 550 жыл» шығармашылық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

«Қазақ хандығына 550 жыл» шығармашылық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

«Қамшы» ақпараттық порталы былтыр 23 қазанда жариялаған «Қазақ хандығына 550 жыл» шығармашылық бәйгесі өз мәресіне жетті. 

Бәйгеге 200-ден астам материал келіп түскен. Оның ішінде талапқа сай 150 шығарманы оқырман назарына ұсынылды. Әуел бастағы талапқа сай шығармалардың тақырыбына шектеу қойылмады. Басты мақсат «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай қазақ прозасына, поэзиясына, публицистикасына жақсы еңбектер қосу болатын. 

Бәйгеге "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Жәркен БөдешҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Сағатбек МедеубекұлыҚазҰУ Тарих факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент Арман ЖұмаділовҚазҰУ Журналистика факультетінің ұстазы, ақын Мұрат Шаймаран қазылық етті.

Шығармалардың сайттағы оқылымы мен пікірлер саны, сондай-ақ, әділ-қазылардың талқысымен мына шығармалар жүлдеге лайық деп табылды:

Проза:

Арнайы жүлде:

Әлібек Ыдырыс, Нұрлан Сәдір, Қастер Сарқытқан

Үшінші орын – 50 мың теңге:

Сағадат Ордашева, Қуанәлі Алмасбек, Төкен Әлжантегі

Екінші орын – 100 мың теңге:

Айгүл Кемелбаева, Ербол Бейілхан

Бірінші орын – 200 мың теңге:

Есболат Айдабосын

Бас жүлде – 500 мың теңге:

Мұрат Алмасбекұлы, Ерболат Әбікенұлы

Поэзия:

Арнайы жүлде:

Омар Құрмаш, Марғұлан Ақан, Жанат Боқаш

Үшінші орын – 50 мың теңге:

Ретбек Мағаз, Серік Молдабеков, Алтыншапақ Хаутай

Екінші орын – 100 мың теңге:

Бахат Әскерханұлы, Ұларбек Дәлейұлы

Бірінші орын – 200 мың теңге:

Төлеген Меллат

Бас жүлде – 500 мың теңге:

Ықылас Ожай

Мақала:

Арнайы жүлде:

Еркебұлан Сайрамбай, Ғабдол Әуезов, Айтиков Әлбек

Үшінші орын – 50 мың теңге:

Ерболат Қошқарбаев, Бейсенбай Бекжан Кәленұлы, Айткүл Шайымқұлқызы Махаева

Екінші орын – 100 мың теңге:

Есенгүл Кәпқызы, Мұсатаев Сейілбек

Бірінші орын – 200 мың теңге:

Нәбижан Мұхаметханұлы

Бас жүлде – 500 мың теңге:

Берекет Кәрібаев

Жүлделі шығармалар Ғалым Қалибек мырза басшылық ететін «Мерей» баспасынан кітап болып басылып шығады. Жүлделер 30 наурызда Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтетін мерекелік концертте табысталады.

Сурет: szh.kz

Ш. Талап