Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына 240 жыл толуына орай республикалық мүшәйра өтеді

Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына 240 жыл толуына орай республикалық мүшәйра өтеді

Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына 240 жыл толуына орай «Ел қорғаған ер Жәкем» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді. Бұл туралы adebiportal.kz порталы хабарлады.

Аталған жыр мүшәйрасы Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының қолдауымен, Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2014 жылдың қазан айының 15-16 жұлдызында өтеді.

Жанқожа – қазақтың тәуелсіздігі жолында күрескен батыры, ХІХ ғасырдың қаһарманы, Хиуа мен Қоқан хандықтарына, отаршыл Ресей империясына қарсы шыққан ұлттық-азаттық көтерілістің басшысы, 17 жасында батыр атанып, сексеннен асқанша қолынан қаруы түспей, ел тәуелсіздігі жолында күресіп өткен халық қаһарманы. Қарапайым халықтың арасынан шыққан Жанқожа батыр өзі өсіп-өнген ортамен бірге болды, сол ортаның арын арлап, мұңын жоқтады. Содан болар, сырттан келгендер тізесін батырса да, ауыл шетіне жау келсе де, руаралық тартыс, жер не жесір дауы болса да, Жанқожаға жүгінді. Халқының бостандығы жолында бес қаруын асынып, қол бастап, жауымен текетіресіп, елінің тентіреп кетуінен сақтады.

Мүшәйраның мақсаты: 

Ерегескен жауын жер жастандырған, елінің шекарасын кеудесімен қорғаған батыр баба Ер Жанқожаның жеңімпаздық жолын жыр жолымен өрнектеу, елі мен жерін қорғауда ерен ерлік үлгісін көрсеткен Жанқожа батыр бабаны  насихаттау, жас ұрпақты  отансүйгіштікке елжандылыққа тәрбиелеу, шығармашылықтарында батыр бабаның ерлігін мадақтай отырып, тәуелсіз Қазақстанның мақсат, мүддесін, болашағын жырға қосу.

Шарттары:

Ақындар мүшәйрасына қатысатын талапкерлер Жанқожа Нұрмұхаммедұлының ерлігіне арналған бір өлең  және еркін тақырыпта бір өлең  оқиды. Мүшәйраны қортындылау кезінде Тәуелсіз Қазақстан, Елбасының «Қазақстан-2050: бір мүдде, бір мақсат, бір болашақ» атты жолдауы, Отан, туған жер туралы өлеңдері ескертіледі.

Өлеңдер жатқа оқылуы тиіс. Талапкердің сахна мәдениеті, өлең мәтінін тыңдаушыға жеткізе оқуы, сахнада өзін ұстауы сарапқа салынады.

Жеңімпаздарды марапаттау:

Бас жүлде - біреу

І орын – біреу

ІІ орын – екеу

ІІІ орын – үшеу

Ынталандыру сыйлықтары

Жыр мүшәйрасының жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтай мен арнайы дипломдар табысталады.

Ескерту: Мүшәйраға қатысушы талапкерлер туралы мәліметтер /жеке куәлігі, СТН, ЖСК, өмірбаяны, сурет 10х15, шығармашылық жетістіктері, репертуарын төмендегі мекен-жайға беруі тиіс.

Қатысушылардың жол шығыны жіберуші жақтан, жататын орыны мен тамағы ұйымдастырушылар есебінен төленеді.

120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті, Ж.Аймауытов көшесі №68 үй.

Телефоны: 21-9-39, факс 8 (724-38) 21-9-39

E-mail: kazaly_madeniet@mail.ru

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: baq.kz

Н. Айдархан