«Бағдаттан шыққан Франкенштейн» Халықаралық сыйлық алды

«Бағдаттан шыққан Франкенштейн» Халықаралық сыйлық алды

Ирак жазушысы, «Бағдаттан шыққан Франкенштейн» романының авторы Ахмед Саадави араб көркем әдебиетіндегі Халықаралық сыйлықтың иегері атанды. «Арабтың Букері» деп аталатын іс-шара бұл жылы Абу-Дабиде ұйымдастырылды. Халықаралық сыйлықты тапсыру салтанаты кітаптар жәрмеңкесі аясында өтті. Ахмед Саадавиге 60 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді.

«Бағдаттан шыққан Франкенштейн» романына пікір жазушылардың бірі ел астанасы Бағдатта орын алған жарылыстардан қалған адамның бөліктерінен белгісіз құбыжықты құрастыратын қоқыс жинаушы жайлы оқиғаның еш көмексіз қалған қарапайым халыққа медеу болғанын айтады. 


Естеріңізге сала кетейік, араб көркем әдебиеті саласында берілетін Халықаралық әдеби сыйлықтың негізі 2009 жылы қаланған. Оның екінші атауы – арабтың Букері. Олай аталуының басты себебі, сыйдың демеушісі сол британдық «Букердің» қоры болып табылады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: google.com

Ж. Өрісбай