Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Жаңалық / "Ара" журналы қайта жарық көретін болды

"Ара" журналы қайта жарық көретін болды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сықақшы Көпен Әмірбек «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында жақын арада «Ара» журналының қайта шығарыла бастайтынын және бұған «Нұр Отан» партиясының қолдау көрсетіп отырғанын әңгімеледі. 

Белгілі сықақшы өз сұхбатында уытты басылымның талай «тар жол, тайғақ кешуді» басынан өткергенін, тіптен, сонау 1915 жылдан бергі тарихында әлденеше рет ашылып жабылғанын атап өтті.

 «Еш­теңеден қорықпайтын адамның өзі күлкі болудан қаймы­­­ғады ғой. «Ара» – ара болады, шақ­қан жері жара болады», деді Ос­­пан­­­­­­­­хан ағамыз. Ғасыр мен ғасыр­дың тоғысына таман нарық қыс­пағына түскен басылым тағы да тапырақтап, тоқтап қалды. Сол тұста «Ара» жабылғаны – қазақ сатирасының қара жамылғаны» деп Қалтай ағамыздың қабыр­ғасы қайысты. Бірлі-жарым сықақ­шылар тізе қосып, тікенек тілді журналға жан бітіреміз деп жанталасып-ақ бағып еді, одан көңіл көншітетіндей нәтиже шыға қоймады», - деп еске алды кейінгі кезеңді К.Әмірбек.

Сондай-ақ, ол жем­қор­лықпен күресте күлкі мен әжуаның орнына, әсіресе, жастардың түйсігіне «жемейтін адам жердің астында» деген теріс түсінік сіңіп бара жатқан бүгінгідей ырықшыл заманда оған сатира қаруымен тойтарыс берудің маңыздылығына айрықша тоқталды.

«Балапандай қанат қаққан қазір­гі жастардың сана-сезі­мін қалып­тастыруда, менің түсі­ну­ім­ше, са­тираның рөлі орасан. Тә­лімдік-тәрбиелік маңызы зор. «Үйт­тік, бүйттік!» немесе «Ана­ны іс­те­гелі жатырмыз!» деп айт­қан жат­тан­ды жауыр сөздердің жас­­тар­дың қауашағына кіре қоюы екіта­лай. Сондықтан, журналды қайта шыға­райық, қолдан келгенше дертке дәру етейік деп еліміздің бас партиясына жү­гіндім», - деді сықақшы.

Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясы Төраға­сының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бұл орайдағы оралымды ойларын байыппен қабылдап, «Ара» журналының оқырмандармен қайта қауышуына қол ұшын созуға ықылас танытқан және партияның бұған дейінгі Сая­си Доктринасының талқылауларына қатыса жүріп түйгеніндей, дәл осы мәселеде сатираның да, елді ойла­ған шын саясаттың да мақса­ты бір екендігіне көз жеткізген.

«Ең алдымен, партиялық азаматтардың шынайылығын байқадым. Олардың қажыр-қайратына, аға буын алқаласа тау қопарып, тас көтеретініне сендім. Ұлт мүддесі мен ел болашағының бұл азаматтар үшін үлкен мағынаға ие екенін түсіндім. Жемқорлықпен күресетін «Ара» сияқты журнал­дың сыбайластықтан, жершілдіктен, түйені түгімен жұтып жіберетін жалмауыздықтан тынысы тарылып бара жатқан бүгінгі қоғамға ауадай қажет болып тұрғанын сездім», - деп қорытындылады ойын К.Әмірбек.

Айта кетейік, «Ара» мәтіндері әуелі «Айқын» газетінің ішінен айына екі рет сегіз бет болып шыға бастайды. Ал жақын аралықта дербес журнал ретінде жарық көреді. 

Жолдаған: Азамат Сейітов

сурет: tungiyk.wordpress.com

Қосылған күні: 08 сәуір 2014, 14:56
Пікірлер
+0
08 сәуір 2014, 15:17

жақсы жаңалық! бұл басылым керек деп ойлаймын

+0
09 сәуір 2014, 10:14

Жақсы екен!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.