Жас ақындар Алматыға жиналмақ

Алматы төрінде жас ақындар бас қоспақ. Жиын барысында танымал ақындар мен кездесулер ұйымдастырылып, әр аймақтың «менмін» деген жас ақындары Алматы аспанын жырға бөлемек.

Қазан айының 10-ы күні, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазіргі заман жастар әдебиеті» атты жас ақындар жиыны өтеді.

Аталмыш шараға еліміздің әр аймағынан 30-ға тарта жас ақындар келеді деп күтілуде. Жиын аясында шеберлік сыныптары (16:00) мен Поэзия кеші (17:00) жоспарланып отыр.

Өтетін жері: Қазақстан Жазушылар одағының «Әдебиетшілер үйі» мен «Кіші залы». (Алматы қаласы,  Абылайхан көшесі, 105)


Дайындаған: Шерхан Талапұлы

Сурет: writers.kz