Сергей Довлатов: «Риясыз өтірік – өтірік емес, поэзия»

Сергей Довлатов: «Риясыз өтірік – өтірік емес, поэзия»
Фото: esquire.kz

Сергей Довлатов – Уфа қаласында өмірге келген, америкалық жазушы әрі журналист. Бірнеше бестселлер кітаптың авторы. Жазушының қанатты сөздерін оқып, қанаттынып отырыңыз.

► Күншілдер әйелдерді қалталы азаматтарды таңдайды деп сөгеді. Осылайша олардың бар байлығына өзі ие болып шыға келеді деп есептейді. Негізі әйел затын қызықтыратын ақша емес. Есепсіз байлық пен қымбат көлік те емес. Мейрамхана мен бағалы киім де емес. Олар адамды осы деңгейге жеткізетін қасиеттерге қызығады, яғни әйелдің көздегені байлық та, басқа да емес. Екінің біріне беріле бермейтін ұлы күшке бас иеді.

► Отбасы – кім душқа түсіп жатқанын дыбысынан-ақ танып қою.

► Азаматтық – өмірдің әділ де әділетсіз тұстарын көре тұра қабылдай білу, жақсы көру.

► Дарын – нәпсі секілді. Оны жасыру қиын. Ал дем беру одан да қиын.

► Риясыз өтірік айту – жалған сөйлеу емес, бұл – поэзия.

► Маған оңаша қалған ұнайды, бірақ тек жанымда бір адам болуы керек.

► Сенен кетіп қалуға ерінгені үшін ғана жаныңда жүрген ер адаммен бірге болу – барып тұрған бассыздық.

► Әйел адаммен сөйлескенде бір қынжылтатын нәрсе бар. Сен барынша дәлел келтіресің, аргумент, фактімен барлығын түсіндіріп жатасың. Ұрыспай-керіспей отырып-ақ, ересек адамдар секілді сөйлесуге шақырасың, логикасын іске қосса дейсің. Ал ол сенің дауысыңды да естігісі келмейді.

► Мен қоңырау шалған сайын бір нәрсеге көңілің толмай отрады. Хабарласқан сайын түнгі сағат үште мазаламашы дейсің.

► Бұл не уақытша, не әділетті.

► Әділетке жетемін дейің бе? Басыңды ауыртпай-ақ қой. Ол жеміс бұл жерде өспейді.

@. @assel_assanova