Жазу шеберлігі туралы қанатты сөздер

Жазу шеберлігі туралы қанатты сөздер
Фото: goodfon.ru

Жазу да бір машақат. Түсінген жанға ол шөп шауып, тас тасудан да қиын жұмыс. Қиыны мен рахаты қатар келетін бұл іс туралы үзік ойды оқи отырыңыз, оқырман.

Қай-қай істі де сүйіспеншілікпен жасасаң, ең қиын шаруаның өзі шығармашылық шыңына шығарады.

Ең ұлы жазушы - өз қатесін түзей біледі. Өз қатесін өзі өзі өңдай алған жазушы ғана алысқа шабады.

Межелі нысанаң айқын болса - күш-қуат та, құрал-жабдық та, шабыт шақыру да түк емес.

Балық судың тереңін, адам жердің жайлысын іздейді.

Нендей іспен айналыссаң да, ынты-шынтыңмен беріліп істе.

Тәуекелден қашсаңыз, шығармашылықтан қол үздім дей беріңіз.

@. @assel_assanova