Альберт Эйнштейн: Қиялдай білу – білімді болудан артық

Альберт Эйнштейн: Қиялдай білу – білімді болудан артық
Фото: Лайфхакер

Альберт Эйнштейн – физик-теоретик, гуманист, қоғам қайраткері, физика бағыты бойынша Нобель сыйлығының (1921 жылы) лауреаты.

► Үнемі жетістікке ұмтылу орнына өміріңізді мәнді етуге тырысыңыз.

► Анаңыз бөлме неге шашылып жатқанын сұраса, "Тек ақымақтар жинақы жерде тұрады, данышпандар хаосты жақсы көреді" деп жауап беруге болады.

► Өмір сүрудің екі тәсілі ғана бар. Бірінші – ешқандай ғажайыпқа сенбеу. Екінші – өмірде барлығы ғажайыпқа құрылған.

► Өмір велосипед айдау тәрізді. Тепе-теңдік сақтау үшін үнемі қозғалыста болуың керек.

► Оқып, үйренгеніміздің барлығын ұмытып қалған кезде, есімізде не қалса, сол ғана алған біліміміз боп есептеледі.

► Сіз барлығы қарапайым деп ойлайсыз ба? Иә, бәрі де қарапайым. Бірақ тіпті де олай емес.

► Ақылға сыймайтын әрекетке барған жан ғана мүмкін еместей көрінген шыңды бағындырады.

► Ең сорақы ақымақтық – бір нәрсені қайталай отыра басқа нәтиже күту.

► Үшінші дүниежүзілік соғыста не боларын білмеймін, бірақ төртінші дүниежүзілік ұрыста таяқ және таспен соғысады.

► Болашақ туралы ешқашан ойлмаймын. Ол біз ойлағаннан да тез келеді.

► Мен өлімге ескі қарыз ретінде қарауды үйрендім. Ерте ме, кеш пе оны қайтару керек.

► Бәріміз де данышпанбыз. Бірақ сіз балықты ағашқа өрмелеп шығуына қарап бағалайтын болсаңыз, ол өмір бойы өзін ақымақ санап өтеді.

► Бір кезде арнасынан асып кеткен ақыл енді қайтып бұрынғы қалпына түспейді.

► Өзгеге арналған өмір ғана мағынаға толы.

► Ешқашан қателеспеген адам – жаңаны тануға ұмтылмаған адам.

► Өз қиялымда мен суретші секілді сурет сала аламын. Қиялдай білу білімді болудан да артық. Білім шектеулі, ал қиял шартарапты шарлай алады.

► Шығармашылықтың құпиясы шабыт алу көзін жасыруда жатыр.

► Адам құндылығы неге қабілетті екенінде емес, не бере алатынында. Табысты адам емес, бағалы жан болуға тырысыңыз.

► Алдымен ойынның барлық ережесін жаттап алу керек. Содан кейін барлығынан жақсы ойнауға тырыса аласыз.

@. @assel_assanova