Егде жастағылар не үшін өкінеді?

Егде жастағылар не үшін өкінеді?
Фото: ckdit.kz

70, 80, 90 жасқа жеткен адамдардан өткен өмірінде не үшін өкінетіні сұралады. Сонда олардың берген жауабы барлығы бір-біріне ұқсас болған екен. Олардың жауабын төрт нұсқаға жіктеуге болады.

Ең бірінші кезекте барлығы дерлік өзі қаламаған жұмысына бар уақытын сарп еткені үшін өкінеді екен. Олардың жүрек қалауымен таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істей алмауына, істеген ісінен ләззат ала алмауына түрлі фактор әсер еткен, түптің түбінде барлығына өздерін ғана кінәлайды.

Екінші кезекте жақындары мен туыстарына, жақсы көретін адамдарына жеткілікті мөлшерде уақыт бөліп, көңілін білдіре алмағанына өкінетін болып шықты. Қолда бар кезде, жаныңда жүргенде ештеңенің де, ешкімнің де қадірін түсіне алмағанын қартайған шақта бір-ақ мойындайды.

Одан кейінгі өкініш кезегі өзіне дұрыс көңіл бөле алмағанына келеді. Уақытылы дұрыс тамақтанбағаны, денсаулығына көңіл бөлмегені, қажетті емді құнттап қабылдамағаны – барлығы да өкініштен өзекті өртейді.

Өкініш тізімін өмірді көріп үлгермеуі аяқтайды. Мүмкіндік туып тұрғанда саяхаттан, сапардан бас тартып, батылдық пен тәуекел жетіспеуінен барлығын жіберіп алғанына өте өкініш білдіреді.

Ал олардың ешқайсысы да қымбат көлігім, мақтанарлық телефоным болмады, түнгі клубтарға, кафелерге баруға, бос әңгіме айтуға уақытым жетпеді деп өкінбейді, тек өзім қалағандай өмір сүрмеппін деп өкінеді.

@. @assel_assanova