"Менің соңғы күндерім"

"Менің соңғы күндерім"
Фото: ivanovy.ru

Үш жыл бұрын 24 жастағы Reddit қолданушысы mylasttie нигі арқылы қоштасу хатын қалдырған болатын. Ол айықпас дертке шалдығып, бірнеше ай уақыты қалғанын түсініп адамдарға өзінің аз ғана ғұмырында ұққан ойларымен бөліспек ниетте хат қалдырды. Оның хаты әлі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтпады. Оқып көріңіз, мүмкін сіздің ойыңызды түбегейлі өзгертер. 

«Жақында мені мына әлемнен ғайып боламын, ал, мына хатты әлдекім оқып қойды деп енді қорықпайтын боламын...

Менің жасым небәрі 24-те. Маған диагнозды өте кеш қойды,сондықтан әлсіз үміттің өзіне де орын қалмады.Кейін мен өмірдегі маңызды нәрсені түсіндім. Сіз өмірден өткен соң, әлем сіз дүниеге келгенге дейінгіден әлдеқайда жақсы болуы үшін тырысу керек.

Менің өмір сүру салтым, менің өлімімнің де түкке тұрғысыз екенін ұқтым. Өйткені, мен ешнәрсе істемедім. Бұрын мен ұсақ-түйекке бола күйіп-пісетінмін. Бірақ, менің уақытым санаулы қалғанын ұққанымда ненің маңызды екенін түсінгейдей болдым. Сондықтан, мен сіздерге өзімшілдікпен адасқан жолымның теріс бағытын жайып салмақпын. 

Уақытыңызды ләззат ала алмайтын жұмысқа жұмсамаңыз. Өзіңізге ұнамайтын іспен ешқашан жетістікке қол жеткізбейсіз. Шыдамдылық, құштарлық пен адалдық сіз шынайы сүйгенде ғана жеңілірек болмақ. 

Одан бөлек, өзге біреудің сіз туралы не ойлайтынына алаңдау – ақымақтық. Қорқыныш адамды сал етеді, сізді жіпсіз байлап тастайды да бар күшіңізді сорып алады. Онымен күреспесеңіз, ол күн санап өсетін болады. Кейін тек құр сүлдеріңіз қалады. Ішкі дауысыңыза құлақ асыңызшы: мүмкін біреу сіздің бойыңыздан тек ессіздікті көретін шығар, ал біреулер үшін сіз болашақ аңыздың кейіпкерісіз. 

Жауапкершілік? Өз өміріңізді бақылауыңызда ұстаңыз. Сіздің өміріңізде орын алып жатқан барлық нәрсені өз жауапкершілігіңізге алыңыз. Жағымсыз деп санайтын бар әдеттіңізден құтылыңыз. Тек, ертеңге қалдырмаңыз. Ертең тумай қалуы әбден мүмкін. 

Өзгелерді бағалаңыз. Достар мен туғандарыңыз – күш, қолдау мен махаббаттың сарқылмайтын көзі. 

Біз тәніміздің саулығына бола қатты алаңдаймыз, өлімнің қақпасы ашылмайынша оның тек сыртқы қабық екенін ұқпаймыз. Бұл біздің жеке қасиеттеріміз, ойымыз бен ниеттеріміздің сыртқы қаптамасы ғана. Егер ішінде әлемді өзгертуге қабілетте ешнәрсе болмаса, тәннің шіруі өз маңыздылығын жоғалтады. 

Қарапайым бұл ойлардың қаншалықты маңызды екенін айтып жеткізе алмаймын. Өз тәжірибемде уақыттың құндылығын ұққан соң ғана осындай хат қалдырып отырмын. 

Уақыттың ағынымен жүзуге болады немесе өзіңіздің өміріңіздің авторы бола аласыз. Сіз дұрыс таңдау жасайсыз деп үміттенемін. 

Әлемде өз ізіңізді қалдырыңыз. Бұл әлем – барлық мүмкіндік бар ойын алаңы. Ереже де сіздікі. Біздің өміріміз үлкен ғарыштың шексіз қараңғы кеңістігінде жылжып бара жатқан кішкентай ғаламшарындан жанып-өшкен кіп-кішкентай шоқ қана. Мынау өмірдегі өз уақытыңыздан ләззат алыңыз. Ол қызық болсын. Оның бағасы болсын.
Рақмет»

Т. Есқали