Зұлқарнайынды қанағаттандырған жауаптар

Зұлқарнайынды қанағаттандырған жауаптар
Фото: GetBg.net

Бірде Ескендір Зұлқарнайын бір ғұламаға көкейіндегі сұрақтарын қояды.

– Әлемде ең ақылды адам кім?
– Сұрақты дұрыс қоя білетін және өмірінде кездескен әр адамнан сабақ алатын жан.

– Әлемде ең күшті кім?
– Өз әлсіздігін жеңе білген адам.

– Онда өмірдегі батыр кім?
– Жауын досына айналдыра білген жан батыр.

– Әлемде ең жоғары құрметке кім ие?
– Өз-өзін құрметтей білген адам.

– Ал кім әлемдегі ең бай адам саналады?
– Қолда барына қанағат тұта білген жанды ең бай адам деп есептейміз.

– Ең бақытты жанды айтыңызшы.
– Әдемі әрі ақылды әрекеттерге баратын жары бар күйеу бақытты.

Міне, осы жауаптар Зұлқарнайынның көңілінен шығып, кейінгіге мұра етіп қалдырған екен.

@. @assel_assanova