Келетініңді білдім, досым!

Келетініңді білдім, досым!
Фото: WideFon.com

Бір сарбаз өзінің ең жақын досы ауыр жараланып, жерге құлағанын байқап қалады. Қызу шайқас кезі. Капитанына жүгіріп келген жауынгер:

– Жолдас капитан, досыма барып, оны алып келуге рұқсат беріңіз, – деп өтінеді. Капитан "мынау жынды ма" дегендей жауынгерге қарап:

– Баруға тұрмайтын сияқты. Досың ауыр жаралы, ендігі өліп те қалған болар. Өз өміріңді бекер қауіп-қатерге тікпегенің дұрыс. Ол баруым керек деп көнбей тұрып алады. Капитан:

– Жарайды, барсаң бар, – деп рұқсат береді. Әскер жүгіріп жүріп досын арқалап торуыл жаққа әрең дегенде жетеді. Капитан жаралы әскердің жүрек соғысын тыңдайды да:

– Саған "өміріңді қауіпке тігіп баруға тұрмайды" демедім бе? Досың бәрібір қаза болды, – дейді.

– Жоқ, жолдас капитан, баруға тұрарлық болды, – дейді демін алған жауынгер.

– Қалайша тұрарлық дейсің? Бұл әскер өлді, көріп тұрған жоқсың ба?!

– Бәрібір тұрарлық. Өйткені, досымның қасына барғанымда ол әлі тірі еді. Оның соңғы сөзін есту мен үшін өте маңызды болды, – деді де жылап жіберіп, досының соңғы сөздерін қайталады:

– "Келетініңді біліп едім! Келетініңді білдім! Рақмет, досым..."

Ж. Жұмағұлов