Өзіңнен баста!

Өзіңнен баста!
Фото: vietfoods.com.vn

Алыс бір елде әділқазы өмір сүріпті. Бір күні сот мәжілісінде алдына бір дана күлше нан ұрлаған кедей келтіріледі. Байғұс кінәсін мойындап:

– Аштан өліп бара жатқаннан кейін амалсыз ұрладым, - дейді. Қазы:

– Ұрлыққа барып, қылмыс жасағаның үшін бәрібір саған үкім шығаруым керек, - дейді де, – Жағдайыңа байланысты саған 10 дирхам айыппұл салынады. Алайда төлей алмайтының себепті айппұлды сенің атыңнан мен төлеймін, - дейді. Жиналған қауым таңданыс толы жанарлармен қазыға көз тігеді. Қазы шынымен-ақ қалтасынан 10 дирхам шығарып, қазынаға өткізуге бұйырады. Сосын көпшілікке бұрылып:

– Арамызда аштықтан нан ұрлауға мәжбүр болған адам жүргендіктен осы отырған әрқайсысыңызға 10 дирхамнан айыппұл салынады, - дейді. 

Лезде мәжілістен 450 дирхам жиналады. Қазы ақшаны әлгі кедейге беріпті...

Ж. Жұмағұлов