Нил Гейман айтқан өмірлік шындықтар

Нил Гейман айтқан өмірлік шындықтар
Фото: theverge.com

Адам табиғатын ертегі құрастыратындар басқаларға қарағанда жақсы түсінеді. Сондықтан олар ересек кезінде де ғажайыпты көруге қабілетті болады. Солардың бірі – қиял ғажайыпты жазушы Нил Гейман. Оның қанатты сөздерімен таныс болыңыздар.

Жақсылықпен аяқталатын жағдай жоқ емес, тіпті ештеңенің аяғы жоқ.

Адам басқа жаққа көшсем, басқа жерге саяхаттасам, жақсы өмір сүремін деп ойлайды. Бірақ қайда көшсе де өзін өмір бойы алып жүретінін кейін түсінеді.

Кітап дүкені жоқ қала – тіпті де қала емес.

Мысықты шақыру – дауылды шақыру сияқты, түк те пайдасы жоқ.

Қауіпті адамдар не істесе де өзін жақсы іс тындырып жатырмын деп ойлайды, тіпті де күмәнданбайды. Ол сонысымен қауіпті.

Ересектер табылған жолмен жүре береді. Балалар жаңасын іздейді.

Ешкімнің сөзіне құлақ асқысы келмейтін көрсоқырдан асқан жаман жан жоқ.

Көпшілігі адамдарға кешіріммен қарауды қиынсынады. Бір күні айналасына қарағанда ешкімді таппайды.

Өркениет пен тағылықтың арасы бір-ақ тәулік және екі ре тамақтану уақыты.

Адамдар таяқтың ащылығы жұдырықтың қаттылығына байланысты деп ойлайды. Әңгіме онда емес, мәселе қай жерге тигеніне байланысты.

Тіпті ең түптің түбінде де шұңқыр болады, кез келген сәтте орға құлауың мүмкін.

Сайтан бір кезде біреуді мәжбүрлеген болуы мүмкін емес. Адамдар өздері-ақ оның ырқына жығыла салады.

Ең қысқа жол – кейде ең ұзақ болып көрінеді.

Жеңіске жеткен сәтте өмір жеңілдей түседі. Бірақ қызығы азаяды.

@. @assel_assanova