Бір уыс жапырақ

Бір уыс жапырақ
Фото: vk.com

Бір Ғұлама ғалым қатты қартайып, жақын арада о дүниеге аттанатынын сезді. Бірде ол күздің күні орманда бір талдың түбінде отырғанда жанына ең озат шәкірті келді. 

– Айтыңызшы Ұстаз, өз іліміңіздің қаншасын бізге үйреттіңіз? – деп сұрады ол. Ұстазы болса қолына күзгі жапырақтың бірнешуін уыстап алды да:

– Қалай ойласың? Мына орманда жапырақ көп пе, әлде менің уысымдағы ма? – деп сұрады.

Сүйікті шәкірті ормандағы сарғайып түсіп жатқан сансыз жапырақтарға қарап тұрып:

– Әрине, Ұстаз, ормандағы жапырақ сіздің уысыңыздағымен салыстырғанда әлдеқайда көбірек,– деді.

– Менің сендерге айтып үлгергенім, уысымдағы бірнеше жапырақ қана,– деді Ұстазы. 

– Қалғанының барлығын сендер өздерің ізденіп, еңбектеніп, ақылдарыңмен тануларың керек, құрметтім менің! – деді. 

– Осының бәрін сіз неге ертерек айтпағансыз?– деді озат шәкірті.

– Себебі ол сендерге ешқандай да пайда бермес еді. Ілім дегенді адам өз басынан өткізіп барып жинайды. Сендер ғұмыр кешулерің керек. Ал сөз деген бар жоғы сыбдырлаған жапырақтардың шуы ғана! – деп сөзін аяқтады Әулие.

Ж. Жұмағұлов