Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Жыртық аяқ киім

Жыртық аяқ киім

Жыртық аяқ киім

Бір шәкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе жатады. Кенет әлгі екеуі жол шетінде жатқан тозығы жеткен бір аяқ киімге көзі түседі. Шәкірт ұстазына:

– Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі сияқты. Тығып қойсақ қайтеді? Сосын бір жерге жасырынып қалай абдырап, сасқанын қызықтайық,– дейді. Сонда ақылды ұстазы:

Кедейлерді әбігерге салуды қызық көріп, олардың есебінен көңіл көтергеніміз адамдыққа жатпайды. Өзіңе бақыт пен шаттық сыйлағың келе ме? Онда оны мазаққа айналдырмай, керісінше, аяқ киіміне ақша салып қояйық. Сонан кейін ғана не қызық болатынын тамашалайық,– дейді.

Ұстазының ұсынысы бірден көңіліне қонған шәкірт айтқанын орындайды. Көп ұзамай екеуі жақын тұрған ағаштың артына барып жасырынады.

Сәлден соң жүзі күн көзіне әбден тотыққан, жұпыны киімді бір шаруа келеді. Аяғын аяқ киіміне сұққаны сол еді, ішіндегі затты сезіп, аяғын дереу қайта суырып алады. Қолын салып еді, ақша екен. Екінші сыңарынан да сондай ақша шықты. Ақшаға бір, жан-жағына бір қарап, таң-тамаша болып тұрып қалды. Көз жетер жерде ешкім байқалмады. Ақшаны қалтасына салды да, жерге тізерлеп отыра кетті. Осылайша, ұзақ уақыт жасын төккен күйі Жаратушысына алғыс айтып, шүкірлігін білдіріп отырды.

Манадан бері одан көз жазбай қарап отырған шәкірт қос жанары жасқа толып, қатты әсерге бөленді. Шәкіртінің бойындағы өзгерісті байқап отырған ұстазы:

– Қазір бұрынғы хәліңнен бақыттырақ екеніңді сезіп отырған сияқтысың. Алғашқы ойыңды іске асырғанда қандай күйде болар едің?!– дейді. Шәкірті:

– Иә, ұстаз! Өмір бойы ұмытпастай дәріс алдым. Сізге алғысым шексіз! «Берген кездегі қуаныш алған кездегі қуаныштан көп артық болады» деген сөздің мағынасын енді түсіндім,– деп жауап қатты.

1
Рейтинг: +2

Фото: hdfondos.eu
Қосылған күні: 12 шілде 2017, 09:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.