Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Жасаған жақсылықтың жауабын күтпеңіз

Жасаған жақсылықтың жауабын күтпеңіз

Жасаған жақсылықтың жауабын күтпеңіз

Бір ауылда данагөй ақсақал өмір сүріпті. Одан ақыл сұрап жан-жақтан адамдар келіп тұрады екен. Күндердің бір күні әлгі қарияға көрші ауылдан бір кісі келіп:

− Сіз ел сыйлаған адамсыз. Үйге келіп, қонақ болып кетіңіз, - деп қиыла сұрайды. Қария қарсылық танытпай, шақырған жерге баруға қамданады. Әлгі кісінің үйіне келсе жайнап тұрған дастарханға тап болады. Түрлі тағамдардан дәм татып, біраз әңгімелесіп, тұруға ыңғайлана бергенде үй иесі таңырқап:

− Уа, ақсақал! Мен сізге арнайы дастархан жайдым. Айтар алғысыңыз жоқ па? – дейді.

− Сіз дәм татыңыз деп шақырып едіңіз ғой. Алғыс айтуға шақырғаныңызды білмейді екем, - деп үйден шығып кетеді. Мұндай жауапты күтпеген үй иесі аузына сөз түспей отырып қалады. Дегенмен іштей: «Оған қайткен күнде де алғыс айтқызамын» деп бекінеді. Бірде әлгі қарт адам сол ауылдың қасынан өтіп бара жатқанда күн бұзылып, жаңбыр жауып кетеді. Қолшатыр алмақ болып ауылға бұрылады. Бірде өзі қонақ болған үйден келіп жоғын сұрайды. Ескі танысы сәті түскен мүмкіндікті қалт жібермей сыпайы түрде қарияға қолшатырын ұстатып жібереді. «Осы жолы міндетті түрде алғысын аламын» деп ойлайды. Алайда ол қолшатырды өзі әкелмей, шәкіртінен беріп жібереді. Шәкірті де ләм-мим демей кетіп қалады. Араға бірнеше күн салып ақсақалмен бір үйде дастархандас болып қалады. Орайы енді келді ғой деп әңгімені бастайды:

− Өткен күні жаңбырдың астында қалып, сырқаттанып қалмадыңыз ба?

− Жоқ, бәрі жақсы. Қолшатырыңызды беріп жіберген едім ғой, алған боларсыз?

− Иә, алдым. Ұмытпай бергеніңізге рахмет, - деп қарияның орнына өзі алғыс айтып отырғанын байқап ашуланады. Одан әрі шыдамай, әлгі кісі орнынан атып тұрып:

− Уа, ақсақал! Сізді де ақылгөй дана дейді-ау! Көргенсіз екенсіз! Жасаған осыншама жақсылығыма кем дегенде бір ауыз рахметіңізді айтсаңыз неңіз кетеді! – дегенде данышпан байыппен, былай жауап қайтарған екен.

− Мен сізге деген алғысым мен ризашылығымды ұдайы ішімнен айтып оны ұмытқан емеспін. Егер де адам жасаған жақсылығы үшін алғыс дәмететін болса, оның жасағаны шынайы емес. Сіз жақсылықтың ақысына елдің ризашылығын, не болмаса алғысын алам деп дәметпеуіңіз керек. Біреудің қуанышы сіз үшін жеткілікті болуы тиіс. Егер де ақысын күтетін болсаңыз, тек қана өз-өзіңізді алдаған боласыз. Адам баласы табиғатынан мақтансүйгіш әрі менмендеу. Жақсылықты жеке өзіңіздің мақсатыңызға сүйеніп жасасаңыз, қателесесіз. Егер де еш алғыс дәметпей адамдарға жақсылығы тисе болғаны деп ойласаңыз ешкімнен ешқашан көңіліңіз қалмайды.

everything.kz

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: voxpopuli.kz
Қосылған күні: 19 қаңтар 2016, 21:59

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.