Мақтау — алтын мен алмас сияқты сирек болғанда ғана құнды

Мақтау — алтын мен алмас сияқты сирек болғанда ғана құнды
Фото: Евгения Рользинг

Өздері мақтауға лайық адамдардың аузынан шыққан мақтау сүйкімді. 

Г. Невий

Мақтау — алтын мен алмас сияқты сирек болғанда ғана құнды. 

Б. Джонсон

Ең жақсы мақтау — жақсылығың тимеген адамнан шыққан мақтау. 

Абуль-Фарадж

Өзіңді сұмпайының мақтағанынан өткен жаман ештеңе жоқ. 

Р. Шуман

Егер сені біреу мақтаса, оның дұрыс-бұрысын өзің тексер. 

Катон

Мақтаған кезде өзіңнің мақтануға лайық, лайық еместігіңді жақсылап ойлап көр, егер лайық болмасаң, онда сені келеке еткендері. 

Ф. Честерфильд

Тек қана мейлінше жігерсіз және мейлінше қуыс кеуде адам ғана өзінің лайық еместігін білетін мақтаулардан сүйініш табады. 

А. Смит 

Қ. Бүйенбай