Адам мың рет ғашық болуы мүмкін, бірақ бір-ақ рет қана сүйе алады

Адам мың рет ғашық болуы мүмкін, бірақ бір-ақ рет қана сүйе алады
Фото: 900igr.net

Александр Куприн – әйгілі орыс жазушысы. Ол кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырды. От тілді, орақ ауызды Александр туралы Константин Паустовский: «Куприннің биік адамгершілік қасиеті үшін, асқақ дарыны үшін, Отанына деген шынайы махаббаты үшін, халқының бақытына деген берік сенімі үшін, ал ең бастысы біздерге қалдырған асыл қазынасы үшін алғыс айтуымыз керек», - дейді. Біз бүгін сіздердің назарларыңызға талантты жазушының  қанатты сөздерін ұсынып отырмыз.

1. Махаббат қашанда трагедиялы болады. Ол өмірдің заңдылығы. 

2. Махаббаттағы айрылысу кәдімгі жел мен от сияқты. Кішкентай махаббатты өшіреді, ал үлкен махаббатты одан да қатты өшіреді.

3. Өміріңіздегі келіспеушіліктер, кедергілер махаббатыңызға зиянын келтірмеу керек.

4. Махаббат деген – ақылыңыз бен ойыңыздың, жаныңыз бен қызығушылығыңыздың бір арнада тоғысуы. Сондықтан ол ең әйгілі сезім.

5. Егер сіз адамды шынымен жақсы көрсеңіз, еш нәрсесіне де қарамай, шын жүрегіңізбен сүйіңіз. Құлазығанда қуанышы, жылағанда жұбанышы болып, қай кезде де қасынан табылуға тырысыңыз. Сондай кезде ғана пәк махаббат болады.

6. Адам мың рет ғашық болуы мүмкін, бірақ бір рет қана сүйеді.

7. Біреуге бір жақсылық жасап, одан бірден алғыс күтуге болмайды.

8. Кейде бір жамандықтан кейін екінші жамандық күтіп тұрады. Алайда оған бола өмірден түңілудің керегі жоқ. Әлі алда талай тамаша күн туатынына сеніңіз.

9. Сурет салуға, мүсін жасауға, ән айтуға, өлең шығаруға қаншалықты талант керек болса, махаббатқа да соншалықты талант керек.

10. Мен туылған кезде қатты жыладым. Бірақ мен өмір сүріп келе жатқан әр күн маған не үшін жылағанымды түсіндірді.

11. Шын сүйе білетін барлық әйел – патшайым.

12. Қорқақтық пен әлсіздіктен туындайтын өтіріктерден қатты ұялам.

13. Жер бетіндегі қыздардың барлығы да ержүрек, намысқой, адал жігітті армандайды. Және сондай жігіттер үшін бәріне де барады. Өйткені өмірдің мәні – махаббат.

14. Өмірде еш нәрседен жүрексінбей сүңгіңіз. Ол сізді алдамайды. Өмір керемет картиналары, мыңдаған бөлмесі, жарқырағын жарығы, ақылды, әсем, биязы адамдары бар бір үлкен ғимарат секілді. Ал осы сарайдың ең әдемі жерінде тұру үшін өмірдің барлық өткелдерінен өтуіңіз керек. Ерінбей еңбек еткен адам ғана бақытқа қол жеткізеді.

15. Әр махаббаттың өзіндік даралығы бар.

Александр Куприн айтқан бұл дәйексөздер де тәлім-тәрбие, тағылым мол. Сондықтан бұл жазбаны мұқият оқып, достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар.

Ж. Исакаев