Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Тәмсіл / Жүректің біз білмейтін өз ақылы бар

Жүректің біз білмейтін өз ақылы бар

Жүректің біз білмейтін өз ақылы бар

XVII ғасырда өмір сүрген белгілі француз философы Блез Паскальдің нақыл сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

Біз өмір сүрмейміз, біз күтеміз және үміттенеміз.

Біз ешуақытта шынайы өмірді қабылдамаймыз. Бір нәрседен кешігетіндей асығумен жүреміз. Кейде өткен уақытта қайтаруға тырысамыз.

Жүректің біз білмейтін өз ақылы бар.

Ақылды адам өзгелердің ерекше қасиеттерін байқай алады. Бірақ біздің еркімізге бағынбайды.

Өзен – бізді қалаған жерімізге алып баратын жол.

Шығарманы қалай бастау керектігін соңына жеткен кезде ғана түсінеміз.

Ойдың қалай қабылдануы оны қалай айтатындығымызбен байланысты. Ой сөзге қасиет артпайды, керісінше ойды әсем сөздер түрлендіреді.

Ақиқатқа жетпесек те, осы жолда өзімізді ретке келтіретініміз анық. Біз үшін бұдан артық іс болуы мүмкін емес.

Тым баяу немесе тым жылдам оқу арқылы ешнәрсе түсінбейміз.

Ақылымызға сенім, еркімізге қалау сынды қасиеттер тән. Бойымызда осы қасиеттерге лайық ешнәрсе болмаса, олар лайықсыздарға ұмтылады.

Бірнәрсені өзгерту үшін оған деген көзқарасымызды өзгерту жеткілікті болады.

Қозғалыс – адам жаратылысының мәні. Ал әрекетсіздік өлі жандарға ғана тән.

Менің ойымша, әлемді жаулап алу сынды ермек Цезарь секілді кәрі адамға тән емес. Ол - Август немесе Александр секілді жалындап тұрған жастарға лайықты іс. Ал жастарды тізгіндеу өте қиын. Цезарь кәрі болса да, осындайда ақыл-парасатын көрсетуі керек еді.

Өз өмірін сүймейтін адам болмашы дүниеге бола өз өмірін қиюға дайын болады.

Өлім туралы ойлай беруден, өле салған артық.

Бәрінен де адамның салқынқандылығы қорқытады.

Мені бұл жалғанда үнсіздік үрейлендіреді.

Көп ел мен секілді адамның бар екенінен бейхабар.  

Ұқсас жазбалар: 

Пушкиннің қанатты сөздері

Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: Ольга Орлова
Қосылған күні: 26 мамыр, 11:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.