- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Жапон халқының даналығы...
Жапон халқының даналығы
Жапон мәдениеті – әлемдегі ең бай мәдениеттердің бірі. Ол өзіндік тереңдігімен және ерекшелігімен дараланады. Бүгін біз жапон халқының аузынан шыққан дана сөздерін және тәрбиелік маңызы бар нақыл сөздерін ұсынамыз. Жапон халқының даналығы олардың нақыл сөздері мен мақал-мәтелдерінен байқалады.
Егер проблеманы шешу мүмкін болса, онда оны уайымдамауға да болады. Ал егер оны шешу мүмкін болмаса, онда оны уайымдағаннан пайда жоқ.
Кетем дегенді ұстама, келем дегенді қума.
Майда өзендерден тіксінбегендігімен теңіз ұлы.
Шарап ішетіндер оның зянын білмейді; ішпейтіндер оның пайдасын білмейді.
Уайым-қайғы – жыртылған көйлек. Онымен сыртқа шықпау керек.
Жатқандар ғана сүрінбейді.
Бір жылы сөз үш қысқа жылылық бола алады.
Ақымақтар мен есерсоқтарға жол бер!
Тез деген – жай деген сөз. Бірақ тоқтам болмауы керек.
Күн адал мен арамды таңдамай, бәріне ортақ жылу сыйлайды.
Біреуден күдіктенбес бұрын оны алдымен жеті рет сынап ал.
Қолыңнан келгеннің бәрін жаса, ал қалғанын тағдырдың еншісіне қалдыр.
Жеңіс қарсыласына қарағанда бір жарым сағатқа шыдай алатын адамға ғана бұйырады.
Күліп тұрған адамға ешкім тапанша тақай алмайды.
Нағыз құмыра нашар шебердің қолынан шықпайды.
Үш жаста жаның қандай болса, жүз жаста да сол күйі болады.
Егін піссе, басын төмен түсіреді; адам байыса, басын жоғары көтереді.
Сұрасаң – бір минут ұяласың, сұрамасаң – өмір бойы ұятқа қалып жүресің.
Ерлі-зайыптыларға күйеуі және әйелі болу ғана аздық етеді. Кейін жан-жақтан іздемес үшін олар бір-біріне дос әрі көңілдес те болуы керек.
Қайғы келсе – өзіңе арқа сүйе.
Бір генерал табудан он әскер табу оңайырақ.
Конфуцийдің де үнемі жолы бола бермеген.
Кез келген әйел қараңғыда, алыстан және қолшатырдың астында әдемі болып көрінеді.
Тойласаң – бәрі келеді, қайғырсаң – жақының ғана келеді.
Біреудің жақсылығын да ренжіткеніндей ұзақ ұмытпа.
Жалаңаш адам ештеңе жоғалтпайды.
Сурет: inpic.ru
Ұқсас жазба:
Жапон мәдениетінің күнгей тұстары
А. Әбілхан