Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Әкем айтқан алты ақыл
Әкем айтқан алты ақыл

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Жапон мәдениетінің күнгей тұстары

Жапон мәдениетінің күнгей тұстары

Жапон мәдениетінің күнгей тұстары

Еуропаның сана-сезімінде жапон мәдениетінің күнгей тұстары мен түсініксіз жақтары баршылық. Бірде-бір елде мәдениет пен технология, өмір сүру салты бір қазанда жарасымды қайнап кеткен емес. Самурай көшбасшыларының үрім бұтақтары соңғы жүзжылдықтарда компьютер құлағындай ойнауды үйреніп келе жатса, ал 19 ғасырда туылған қарттары "Покемон" фирмасының жейдесінде айран-асыр өмір сүруде.

Барлық саладағы өсіп-өркендеуден соң, ол қатарда технологиялық самғауларға қарамастан жапон мәдениеті шетел азаматтарына ең бір кертартпа, жұмбақ және түсініксіз мәдениет болып келе жатыр.

Ендеше, "күншығыс елі" мәдениетіндегі түсініксіз тұстарды жария еткіміз келіп отыр:

Хикикомори

Хикикомори – қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түскісі келмейтін адамдар тобы. Әрине, барлық елдерде де мұндай көріністің орын алып жататыны ақиқат. Алайда, аталған дертпен көбіне егде тартқан адамдар шалдығып жататын еді. Оның үстіне қарттық жастағы көп адамдар депрессия мен агорафобия секілді психикалық ауытқулармен ауырып жататын.

Жапондық "сопылардың" бір ерекшелігі - жасы. Бұлар - сыртқы әлемнен түпкілікті ажырап қалған жас мөлшерлері жиырманың ар жақ-бер жағындағы адамдар.  Хикикомори дертінің пайда болу нышанының бірнеше себептері айтылып келеді: біріншіден, интернет, екіншіден, көбісі шыдай бермейтін оқу ордаларындағы толассыз тапсырмалар, соңында, өз балапандарын «ұядан» ұшырғылары келмейтін ата-аналар.

"Хикикомори" термині әдетте бөлмесіне кіріп алып, жарты жыл бойына шықпай қоятын адамдарға қаратылып айтылады. Психологтар бүгінгі таңның өзінде "адасқан миллиондар" туралы айтып келеді.

Қылмыс

Якудза туралы аңыздар айтылып жүргенмен, Жапония қылмыс саны ең аз елдердің қатарына жатады (Монакодан кейін). Барлық дерлік қару-жарақтар бұл елдің тіркеуінен өткен. 

Ал егер алда-жалда жапон сотының алдынан табыла қалсаңыз, онда шаруаңыз бітті дей беріңіз. Сот төрелігінің 99 пайызы қылмыстық жазаға таңумен аяқталатын көрінеді. Оның үстіне, Жапонияда жыл сайын бірді-екілі өлім жазасы кесіліп тұрады. Ең жаманы сол, мұндай өлім жазасы орындалып біткеннен соң хабарланады екен.

Жұмысқа қарым-қатынас

Барлығымыз білетіндей, жапондар әлемдегі ең бір еңбек сүйгіш және тәртіпті халық саналады. Алайда, караоке-барларда отыратын бизнесмен-ішкіштер туралы гу-гу әңгімелер де өтірік айтылмаған.

Жапондар шынында да сыраны көп ішіп тұрады. Кіші ұжымдық шараларда, үлкен той-думандарда кіші бастықтан бастап жұмысшыларға дейін бірі қалмай саке ішімдігін шелектеп құйып, бөшкелеп ішеді.

Бірақ, ең қызығы сол - жапондар кешкісін ішімдікке қаншалықты сылқиып тойып алмасын, таңертеңгісін құр аттай жұмыс орнына асығып бара жатады.

Сонымен қатар, жапон мәдениеті аз-маз ұрттап тұруға қарсы емес. Сол қатарда жұмыс үстелінен табылған жапондық бүкіл күш-қуатын сонда қалдырып келеді деген қағида да бар.

Кодокуши

Кодокуши феномені (жалғыздық өлімі) – өлген адам денесінің силуэті. Ұзақ уақыт қараусыз қалған тұста түзіледі.

Үй жиһаздары тасымалымен айналысатын жұмысшылардың көпшілігі жиі-жиі “кодокушилерді” ұшыратынын айтып барады екен. Мәселен, бізге белгісіз бір компанияның санағы бойынша. 1500-ге жуық жағдайдың 300-інде осы бір бір көрініс орын алған. 

Бір шаңырақтың астынан бірнеше ұрпақ өкілдері табылатын жапон отбасының дәстүрлі үлгісі бүгінгі таңда ұмытыла бастаған. Ендігі таңда көптеген қарттар жалғыздықта сүруге мәжбүр.

Осы бір көрініс уақытша жұмысшылардың арасында етек алған. Келісімшартпен жұмысқа тұрған ерлер мен әйелдер ешқашан үйленбей, тұрмыс құрмай, жалғыз қалып жатады.

Ақырында, жалғыздықта өлген бұл жандар туралы ешкім еш нәрсе білмейтін болып шықпақ.

Яэба

Бұл уақытта бүкіл әлем кетік тістерін түзетумен әуреленіп жатса, жапондықтар, керісінше, түзу тістерін кетік қылуға әуестік танытуда.

Жастар арасында танымалдылыққа ие болып отырған тренд «яэба» («қосарланған тіс») деп аталады. Егеудің осы түрі мысықтың азу тісін еске салары сөзсіз.

Оның үстіне, керемет рахат сезімге бөлейтін болып отыр...

Сурет:listverse.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек 

5811 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 31 мамыр 2013, 10:00
Пікірлер
+0
31 мамыр 2013, 12:41

"Бірақ, ең қызығы сол - жапондар кешкісін ішімдікке қаншалықты сылқиып тойып алмасын, таңертеңгісін құр аттай жұмыс орнына асығып бара жатады." :lol: :lol: :lol: :lol: мәләдестер,,біздің қазекеңдер сияқты 3- 4 күн ба жазыееепп жүрмейдіі :!: :!:

+0
31 мамыр 2013, 17:05

Жапондар қызық халық иа, құпиясын тауысып бітпейсің

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...