Гетенің қанатты сөздері

Гетенің қанатты сөздері

Оқырмандарға 18-19 ғасырлардағы көрнекті тұлға, ұлы жазушы Иоганн Вольфганг Гетенің айтып кеткен қанатты сөздерін ұсынамыз. Гете жаңа замандағы неміс әдебиетінің негізін салушы, жаратылыстанушы, адамзат тарихындағы әйгілі ойшыл екендігін айта кетелік.

  • Адам болу оңай іс емес. Тек ерік-жігері мықты адам ғана адамдықтың шыңына жете алады.
  • Даналық дегеніміз - шындық.
  • Болашағына сенбейтін адам өлікпен тең.
  • Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат.
  • Адам жақсылыққа өз еркімен бет бұрса ғана нәтиже шығара алады.
  • Айналаңа деген қызығушылығың азайса, есте сақтау қабілетің де нашарлайды.
  • Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді.
  • Жануарлар өздеріне тән рефлекстерінің басқаруымен өмір сүреді. Адам баласы өз тәнін өзі басқарып өмір сүруі керек.
  • Ең жақсы мектеп - өмір мектебі.
  • Ұлылардың өзі өзіңіз секілді қарапайым адам екенін ұмытпаңыз.
  • Жас кезде қателесуден қорықпалық. Қайта солардан сабақ алалық. Қартайғанша қателесумен өмір өткізуден сақтасын.
  • Ерегісіп тұрған екі адамның төрелігін айтсақ, былай болады. Сол екі адамның қайсысы ақылдырақ болса, даудың басталуының кінәсі соның монында.
  • Өз-өзін тани алған адам ғана еркіндікке бой ұра алады.
  • Әркім түсінгенін естиді.
  • Ақылы тар адам өз пікірін өзгеге таңуға бейім болады.
  • Алғашқы ілгекті дұрыс қадамаған адам, қалған ілгектерді де ретімен қадай алмайды.
  • Адам өз ойы арқылы өз мінезін қалыптастырады.
  • Қолдана білмесең, бойыңдағы білім құр босқа, пайдасыз шіри береді.

сурет: nnm.ru